субсидия
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Еліміздегі құс шаруашылығында кедергілер анықталды
Жоғары аудиторлық палата мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі еліміздегі құс шаруашылығы нарығына талдау жасап, жүйелі проблемаларды тапты. Атап айтқанда, көптеген құс өсіруші мемлекеттен субсидия ала отырып, етті әлі де бәсекелестерге қарағанда қымбат сатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2025
БҚО-да серіктестік басшысы субсидия қаржысын жымқырған
Несиелік серіктестік басшысы өз бақылауындағы шаруа қожалығының атына 126,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеп, бұл қаражатты ірі қара мал сатып алмай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Субсидия • 30 Сәуір, 2025
Баспанаға берілетін субсидияны қайта қарау ұсынылды
Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, ауыл тұрғындарына арналған баспана салу субсидиясына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Ақпан, 2025
СҚО-да кәсіпкер субсидия қаржысына қымбат көлік сатып алған
Қаржылық мониторинг агенттігі СҚО-дағы ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы сүт өндіру ісіне бөлінген субсидияны қалтасына басып келгенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2025
Павлодарлық фермерлер 406 млн теңге субсидияны заңсыз алған
Ертіс-Баян өңірінің шаруалары 2020-2023 жылдары ірі қара мал бойынша жалпы сомасы 406 млн теңгеден астам субсидияны заңсыз алған. Прокуратура тексеруінен соң бұл қаражаттар қазіргі күні мемлекетке қайтарыла бастады.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2025
Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі субсидияланады
Елімізде ұлттық телерадио хабарларын тарату операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасы басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2024
Түркістан тұрғыны өзгенің ЭЦҚ кілтін пайдаланып, мемлекеттен қаржы жымқырған
Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 05 Қазан, 2024
Қызылша өсірушілер тапсырған өнімі үшін төлемді жақын арада алады
Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен негізгі азық-түлік өнімдерін өндіру және бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау барысында қант зауыттарын айналым қаражатымен қамтамасыз ету және қызылша өсірушілерге субсидия төлеу бойынша шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Тамыз, 2024
Пойыздардың жолаушыларға қызмет көрсету сапасы тексерілді
Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті теміржол бағытында қызмет көрсететін компанияларға талапты күшейтпек. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы, поездардың жай-күйі мен тазалығы және талапқа сай стандарттық нормаларға байланысты субсидия беру мәселесін қарастыру жоспарға енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң • 09 Шілде, 2024
Алматы облысында 4,8 млрд теңге субсидия заңсыз төленген
Алматы облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру нәтижесінде бюджеттік субсидияларды заңсыз төлеу және ұрлау фактілерін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 15 Мамыр, 2024
Импорттық ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауда теңдік сақталу қажет - Е.Саурықов
Ерболат Саурықов бастаған «Ауыл» партиясының бір топ депутаты ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мәселесінде келеңсіздіктер жиі туындайтынын айтып, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2024
«Алаяқтық жасаған»: Ақтөбеде аудандық мәслихат депутаты сотталды
Мәслихат депутаты Ақтөбе облысында шаруа қожалығына бөлінген 457 миллион теңге субсидияны ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 10 Наурыз, 2024
Пайдаланылған ауыл шаруашылығы техникасына субсидия беріле ме?
Қазақстан Үкіметінде импортталған ауыл шаруашылығы техникасына субсидияларды толығымен алып тастау жоспарлары бойынша Қазақстанда қызып жатқан дауларға жаңадан ұсыныстар қосылды. Әңгіме аграрлардың бес жылдан аспаған бұрынғы (пайдаланылған) техника мен жабдықтарды сатып алуы кезінде субсидиялар алу мүмкіндігі туралы болып отыр, деп жазады Egemen.kz Jańa Dala Green Day» ақпараттық орталығы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Экономика • 10 Наурыз, 2024
Фермерге таңдау құқығы беріледі
Агробизнес ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауды өзгерту жөніндегі жоспарды талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023
Екі өңірде жылыжай шаруашылығын субсидиялау басталды
Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы шаруаларға берілетін субсидия сомасы - 900 миллион теңге. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл қаржының басым бөлігі жылыжай шаруашылығымен айналысатындарға берілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Қараша, 2023
Ауыл шаруашылығын қолдауға қосымша 30 млрд теңге бөлінді
Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету үшін резервтен 30 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 23 Тамыз, 2023
Қазақстанда 95 мың бизнес жоба субсидияланды
Елімізде 95 мың бизнес жоба субсидияланды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жанабеков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 06 Шілде, 2023
Маңғыстаулық шаруалар 700 миллион теңгеден астам субсидия алды
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 360 шаруашылыққа асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, оның өнімділігін арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 776,7 млн теңге берілді. Оның ішінде 719,7 миллион теңге жем-шөпке төленді.
Қоғам • 19 Маусым, 2023
Субсидия суды үнемдейтін фермерлерге беріледі - АШМ
Енді субсидия тек су үнемдеу технологияларын қолданатын фермерлерге ғана беріледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Маусым, 2023
Мәулен Әшімбаев: Субсидияға триллиондап қаржы бөлінсе де импорт азаймай отыр
Ауыл шаруашылығына триллиондаған теңге жұмсалып жатыр, алайда нәтиже жоқ. Бүгін Мәулен Әшімбаев агроөнеркәсіп саласындағы қаржыны тиімсіз пайдалануды сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Мамыр, 2023
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
7 облыс бойынша әуе машруттарын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен арнайы қаржы бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Мамыр, 2023
Субсидияланған тыңайтқыштарды экспорттауға тыйым салынады
Үкімет қаулысымен тек өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді. Бұл шара осы өнімді ел аумағынан шығаруға тосқауыл қою және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 04 Мамыр, 2023
Балық өсірумен айналысатын фермерлер субсидия ала алмайды - сенатор
Балық шаруашылығы саласының қызметкерлері шығындарының 50%-дан астамын жабатын субсидия ала алмайды. Сенатор Сәкен Арубаев осы мәселе туралы еліміздің Премьер-министрінің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 24 Сәуір, 2023
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін субсидияға жаңа норма енгізіледі
Ауыл шаруашылығы министрі ішкі нарықтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жүргізілетін бірқатар шара туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Сәуір, 2023
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мәжіліс депутаттарына субсидиялаудың жаңа қағидаларының жобасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz АШМ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Сәуір, 2023
Мемлекет басшысы: Қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны
Қасым-Жомарт Кемелұлы субсидиядағы жемқорлық мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Сәуір, 2023
Қазақстандық шаруалар тыңайтқыштарға субсидия ала алмай отыр
Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдік қаулыларының болмауына байланысты фермерлер тыңайтқыштарға субсидия ала алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Сәуір, 2023
Кейбір шаруалар мемлекетті алдап, артық субсидия алған
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кейбір фермерлер мемлекетті алдап, жалған ақпарат көрсету арқылы субсидияны артығымен алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2023
Фермерлер 17,1 млрд теңгеге өтініш берді
Қазақстан фермерлері 1 ақпаннан бастап gosagro.kz порталында жалпы сомасы 17,1 млрд теңгеге субсидия алуға 3067 өтінім берді. 134,6 млн теңгеге өтінім мақұлданып, оның 20 млн теңгесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Ақпан, 2023
Әлеуметтік нан өндірісіне 13 млрд теңгеден астам субсидия бөлінеді
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру бағытында қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтты. Ведомство басшысының айтуынша, биыл арзандатылған бидайға жылдық қажеттілік 308 мың тоннаны құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.