Үкім
Үкімет • Бүгін, 09:59
Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған Қазақстан құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында халықты қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Жаңа Конституцияда бекітілген әлеуметтік мемлекет қағидаттары азаматтардың барлық санатын − балалы отбасыларды, жастарды, мүгедектігі бар адамдарды, зейнеткерлерді, әлеуметтік сала қызметкерлерін және табысы төмен азаматтарды қамтитын нақты шешімдер арқылы жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Тұрғын үйлердегі қоғамдық тамақтану орындарына тексеру жүргізіледі
Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарын сақтауға қатысты талаптардың сақталуы тексеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 29 Мамыр, 2026
Қанат Бозымбаев БҚО-дағы коммуналдық нысандардың құрылысын тексерді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 29 Мамыр, 2026
Үкімет ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мақсатында Үкімет 2026-2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Мамыр, 2026
Атырауда итті күрекпен аяусыз ұрған әйелге қатысты сот үкімі шықты
Атырауда итке қатыгездік танытқан әйелге қатысты сот шешімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 23 Мамыр, 2026
Нұрлыбек Нәлібаев ExxonMobil компаниясымен стратегиялық мұнай газ жобаларын дамытуды талқылады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «ExxonMobil» компаниясының халықаралық үкіметтік қатынастар жөніндегі аға директоры Юрия Киммен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 22 Мамыр, 2026
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 21 Мамыр, 2026
Алматыда қоқысты электр энергиясына айналдыратын кәсіпорын бой көтереді
Премьер-министр Олжас Бектенов қалдықтарды энергияға айналдыру саласындағы ҚХР мен Орталық Азиядағы ірі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар жетекші қытайлық компаниялардың бірі – Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесі төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Шымкентте балаларын үтікпен күйдірген анаға үкім шықты
Шымкентте өз балаларын азаптаған әйел сотталды. Сот шешімімен оған 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Мамыр, 2026
Премьер-министр жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмысын жеделдетуді тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мен халықаралық әуе қатынасын кеңейту елдің экономикалық өсуі үшін маңызды бағыт екенін атап өтті. Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстерді жыл соңына дейін іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 19 Мамыр, 2026
Кендірлідегі әуежайдың қашан ашылатыны белгілі болды
Маңғыстау облысында туризмді дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қарақия ауданындағы «Кендірлі» курорттық аймағында жаңа әуежайдың құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан Каспий теңізінің жағалауынан 13 шақырым қашықта орналасқан және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Мамыр, 2026
Қазақстанда авиация саласына бөлінетін гранттар саны артты
Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік гранттар саны айтарлықтай артқан. 2022-2023 оқу жылында 380 грант бөлінсе, 2025-2026 оқу жылына 586 грант қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2026
Бұған дейін екі рет сотталған: Шымкентте әйелді аяусыз өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті
Шымкент қаласында 40 жастағы әйелді аса қатыгездікпен өлтірген ер адам түрмеден босатылып, мәжбүрлі емдеуге жіберілетін болды. Сот оның шизофрения дертіне шалдыққанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Мамыр, 2026
Ішкі істер министрлігіне жаңа функция жүктелді
Үкіметтің 2026 жылдың 13 мамырдағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ережеге толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Мамыр, 2026
«Жұмыстың қарқыны сын көтермейді»: Нұрлыбек Нәлібаев Алматы-1 вокзалының реконструкциясын сынға алды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Алматы-1» вокзалының былтыр наурыз айында басталған қайта жаңғырту барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Мамыр, 2026
Үкімет басшысы жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Мамыр, 2026
Үкіметте ұлттық жүк әуе компаниясының жұмысын ұйымдастыру тәсілдері талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ұлттық жүк әуе компаниясын дамыту, сондай-ақ теңіз және теміржол тасымалдарын ұлғайту бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Вице-президент пен Халық кеңесінің жұмысы қалай қаржыландырылмақ? Министр жауап берді
Қазақстанда құрылатын Халық кеңесі мен Вице-президент институтын қаржыландыру көзі алдын ала айқындалды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, жаңа құрылымдарға қажет қаражаттың басым бөлігі Үкімет резервінен бөлінуі ықтимал. Алайда нақты сома әзірге жарияланбады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Шашынан тартып, лақтырған: Павлодарда 16 баланы азаптаған тәрбиешіге үкім шықты
Павлодарда 16 бүлдіршінге қатыгездік көрсеткен тәрбиешіге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Мамыр, 2026
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетеді
Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президент туралы» конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Жаңа заңнамалық өзгерістерге сәйкес, еліміздің Үкіметі биыл жаңа құрамдағы Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Мамыр, 2026
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Абай облысындағы инфрақұрылымды жаңғырту үшін Үкімет резервінен қомақты қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Мамыр, 2026
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткен жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды. Жиында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, KEGOC компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов, «Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Мамыр, 2026
Олжас Бектенов: инвесторларды қорғауды күшейтіп, кедергілерді жою қажет
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде инвесторлар құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы тосқауылдарды жою және шетелдік капиталды тарту жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Қазақстан криптохабқа айналады: Президент Үкімет пен Ұлттық банкке шұғыл тапсырма берді
Алматыда өткен Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің екінші отырысында Президент Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытайдың тәжірибесін мысалға келтіре отырып, Қазақстанның да бұл бағытта өң нәтижеге жеткенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2026
Бабақұмаров ісіне қатысты үкім шықты: Шенеуніктің өліміне кінәлі адам 11 жылға сотталды
Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы елорданың қылмыстық істер жөніндегі соты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Сәуір, 2026
Олжас Бектенов пен Air Products газ химиясы саласындағы серіктестікті талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Air Products компаниясының (АҚШ) Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болспен кездесу өткізді. Онда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, озық технологияларды енгізу және газ химиясы саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім кесті. Ерлі-зайыптылар онлайн-курстар мен ұтыс ойындары арқылы қатысушыларды алдады деп айыпталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Сәуір, 2026
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының машина жасауды дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмалары аясында Еуропа, Канада және АҚШ-тың ауылшаруашылық техникаларын шығаратын жетекші компаниялары басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар өнеркәсіп кооперациясын тереңдету, өндірісті локализациялау және отандық кәсіпорындарға заманауи агротехнологиялар енгізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Сәуір, 2026
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Премьер-министр Олжас Бектенов туризм және спорт министрі, Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдері, сондай-ақ Almaty Superski жобасын жүзеге асыруға жауапты Kazakh Tourism Development Ltd басшылығының қатысуымен Алматы тау кластерін (АТК) дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін көмекті жетілдіру мәселесі Үкімет деңгейінде қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, тиісті министрлікке нақты тапсырмалар жүктеді, деп жазады Egemen.kz.