Редакция таңдауы
Музей ісінен мән кетпесін десек...
Отандық музей саласында, соның ішінде өңірлік музейлерде мәселе шашетектен. Мекемелердің материалдық-техникалық тұрғыдан тозуы, еңбекақының аздығы, мемлекет деңгейінде мамандарды көтермелеудің мардымсыздығы мен жас кадрлардың тұрақтамауы, тағы да басқа күрмеулі жайттар баршылық.
30 Желтоқсан, 2025
Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі
Күзге салым шығыстың бел-белесінде күнбағыс гүлі ұшы-қиырсыз жайқалып тұрады. Шаруалар оның белгілі бір бөлігін экспортқа шығарса, енді бірі елде қалады. Облысымызда «Янтарь» ЖШС кәсіпорнында майын сығып, дәнін үгіп, халва жасайды, сұйық май тартады, бұл өнімге сұраныс та жоғары. Облысымыз өсімдік майын өндіру бойынша елімізде көш бастап тұрғанын да айта кету керек. Жалпы, май өнеркәсібінде өңдеу қуаты 959 мың тоннаға жуық, 13 кәсіпорын жұмыс істейді.
30 Желтоқсан, 2025
Технологиялық әлеует артып келеді
Президенттің халыққа Жолдауында елімізде өндірісті рістетуге басымдық беріліп келе жатқаны туралы үнемі айтылады. Инвестициялық жобалар, өндірістегі технологиялық жаңғырту – еліміздің даму стратегиясының өзегі. Осы тұрғыдан Абай еліндегі «Казполиграф» компаниясының қосқан үлесі көп. Жақында осы ірі экспорттаушы кәсіпорын жаңа өндірістік желісі – «Gable Top» картон қаптамалар цехын іске қосты.
30 Желтоқсан, 2025
Баламасы жоқ мақта-тоқыма кластері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында экономиканы әртараптандыруға, нақты секторды күшейтуге және инвестиция тартуға ерекше мән беріп келеді. «Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс», деді Қазақстан халқына Жолдауында. Осы міндеттерді іске асыру мақсатында өңірімізде экономиканың барлық салаларында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласының бір тармағына тоқталып өтуді жөн санап отырмын.
30 Желтоқсан, 2025
Экономикалық өсімге әсер ететін салалар
Үкіметте вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен ІЖӨ өсу параметрлері талқыланды. Алдағы жылы өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қоймалау, сауда салалары, өнімдер мен сусындар өндірісі экономикалық өсуге негізгі үлес қосуға тиіс.
30 Желтоқсан, 2025
Еліміздің Ыстықкөлдегі курорттары заманауи қонақүйге айналмақ
Аптаның алғашқы күнінде Парламенттің төменгі палатасы биылғы жылдың соңғы жалпы отырысын өткізіп, жыл бойғы атқарылған жұмысын қорытындылады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен отырыста бірнеше заң жобасы талқыланып, тиісті қаулылары шығарылды.
30 Желтоқсан, 2025
Қарағанды – Қытай арасын жалғайтын көпір
Қарағанды облысы үшін Қытай бағыты тағы бір маңызды белеске көтерілді. Қытайдың Үрімжі қаласында Қарағанды облысының өңірлік өкілдігі ресми түрде өз жұмысын бастады. Бұл – екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған нақты әрі маңызды қадам.
30 Желтоқсан, 2025
Қызылорда айнасына қызығушылар көп
Сыр бойында айна өндіріле бастады. Жаңа өндіріспен серіктестік байланыс орнатқандар еліміздегі алғашқы зауыт өнімі сапа жағынан шетелден келіп жатқан айналардан кем түспейтінін айтады.
30 Желтоқсан, 2025
Биыл Ертіс-Баян өңірінде төрт кітапхана жөндеуден өтіп, цифрлық жүйеге көшті. Соның ішінде республикалық жоба аясында бюджеттен тыс қаражат есебінен Павлодар қаласындағы екі кітапхана кешенді түрде жаңғыртылды.
30 Желтоқсан, 2025
Қожа бейнесін сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың ақтық сапары мен аманаты
«Менің атым – Қожа» фильмінде басты рөлімен көпке танымал актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, киносценарист, қаламгер, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжарұлы бақиға озды. Ол соңғы хатында ел газеті «Egemen Qazaqstan»-ға мақала жариялағысы келгенін айтыпты.
30 Желтоқсан, 2025
Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?
Жаңа жыл қарсаңындағы сапарлар әрқашан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алыс жолға шыққан азаматтарды қамтамасыз ету мақсатында Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) жолаушылар үшін маңызды шешімдер қабылдады. Мереке күндері әуе рейстері мен пойыздардың саны артып, жаңа буынның вагондары жолға шықпақ. Ең бастысы – халықтың көкейінде жүрген билет бағасының өсуіне қатысты сауалға нақты жауап берілді, деп жазады Egemen.kz.
29 Желтоқсан, 2025
ҚазҰУ-дың жас ғалымы цикорийдің диабетке қарсы қасиетін дәлелдеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, жас ғалым Айжамал Байсейітова цикорий өсімдігінің қасиетін зерттеп, оның диабетке қарсы тиімді әсері бар екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Зерттеу барысында цикорий құрамындағы биологиялық белсенді заттардың қандағы қант деңгейін төмендетуге, зат алмасу процесін реттеуге оң ықпал ететіні анықталды, деп жазады Egemen.kz.
29 Желтоқсан, 2025
Елордада халық саны 1,6 млн-нан асты
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде қала активі мен Қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Желтоқсан, 2025
Докторантураға түсу талаптары жеңілдеді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов шығармашылық және тілдік мамандықтар бойынша докторантураға түсу талаптары өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Желтоқсан, 2025
Қысқы мерекелер қарсаңында «Астана Опера» театры елордалық көрерменді асқақ әуендер мен рухани жылылыққа бөлеп, ерекше музыкалық кеш ұсынды. К.Байсейітова атындағы Камералық залда «Рождество сиқыры» концерті көне музыка жауһарларынан шашу шашты.
27 Желтоқсан, 2025
Қазақ аспанын қақ жарып, Қызылорда, Жезқазған даласын жүректі жарардай солқ еткізіп, Байқоңырдан алып ғарыш кемелері мен зымырандар ұшырылып жатса да жердің иесі, елдің егесі қазақ халқына ешқандай қатысы жоқтай көрінетін. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана Байқоңыр мен сол аумақтағы елді мекендерді дамыту қолға алынды. Байқоңырдың атауы да тек 1995 жылы қайтарылды, оған дейін Ленинск деп аталатын.
27 Желтоқсан, 2025
Қоңыртөбенің баурайына жайғасқан Ақтерек ауылынан түлеп ұшқан қаламгер, есімі елге танымал журналист-жазушы, Ақпарат саласының үздігі, халықаралық Жамбыл атындағы және Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Гүлзейнеп Сәдірқызының мерейлі жасқа толуына орай, аудандық Мәдениет үйінде «Әйел жаны» атты әдеби-сазды кеш өтті. Атауы айтып тұрғандай әйел тағдырын арқау еткен шығармашылық кешке зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, қаламгердің әріптестері мен ауылдастары қатысты.
27 Желтоқсан, 2025
Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды
Бүгінде міндетті таңбалауға темекі өнімдері, аяқкиім және дәрілік заттар жатады. Енді елімізде сыра өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылар да цифрлық таңбалау жүйесіне тіркелуге міндетті.
27 Желтоқсан, 2025
ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан 2006 жылы құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының (ӘКК) алдына шағын кәсiпкерлiктi дамыту, әлеуметтiк жобаларды iске асыру, iшкi нарықты бәсекеге қабiлеттi өнiмдермен қамтамасыз ету арқылы өңiрлердiң әлеуметтiк жай-күйiн жақсарту міндеті қойылған еді. Алайда арада өткен жиырма жылға жуық уақыт ішінде ӘКК-лердің тұрақтандыру қорларының көмегімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шектен тыс қымбаттатпай ұстап тұруға және шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысы мардымды нәтиже берген жоқ. Оған аспанға шарықтап кеткен азық-түлік бағасы айғақ.
27 Желтоқсан, 2025
Саламатты қоғам құрудың түп негізі
Халыққа сапалы, қолжетімді, әділ медициналық қызмет көрсету мақсатында енгізілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты пікір көп. Әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға ортақ жауапкершілік негізінде құрылған, әлеуметтік бағдарланған үлгі өз міндетін хал-қадірінше атқарып келеді. Жыл тоғысында «МӘМС жүйесін қаржыландырудағы жаңа тәсілдер: өзгерістер кімдерге және қалай әсер етеді» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында саладағы соны жаңалықтар жан-жақты баяндалды.
27 Желтоқсан, 2025