Редакция таңдауы
Тимур Турлов «Шахтёр» футбол клубын сатып алды
Қарағандының «Шахтёр» футбол клубын Freedom Holding Corp. тобына кіретін, кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компания сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2025
Өндірісті өңірдің өрісті кәсіпорны
Екібастұзда әлемдегі ең ірі ферросилиций зауыты іске қосылды. Аталған жоба – индустрияландыру аясындағы кезекті нысан ғана емес, жоғары технологияларға, экспортқа және өңірлердің тұрақты дамуына негізделген еліміздің жаңа экономикалық дәуірінің рәмізіне айналуға тиіс.
25 Қараша, 2025
Аралдың шарасы толып тұрған кездегі балығының дәмін әлі күнге жыр қылып айтатындар аз емес. Әсіресе бекіренің бәсі бөлек болыпты. «Өзімізді қойып, қазір шет мемлекет саналып жүрген одақтас республикалардың біразына жол тартқан бренд қой» деп еске алады көнекөздер. Атақты су маржанының теңізге салған ауға ілікпегеніне де 60 жылдан асып барады. Арада осынша жыл уақыт өткенде жергілікті кәсіпкер Ғалымжан Нағиев Қызылорда қаласының іргесіндегі Талсуат елді мекенінде осы балық түрін өсіруді бастады.
25 Қараша, 2025
Ел экономикасының негізгі буыны саналатын ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы – қашан да басты назарда. Соның қатарында халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі аталған сектордың өркендеуіне тікелей байланысты.
25 Қараша, 2025
Жұлдыз Данбаева: Шетелден шипа іздейтіндер ел медицинасының әлеуетін ескермейді
Астана қаласы әкімдігінің №3 көпбейінді қалалық ауруханасы ресми құрылған уақыт Covid-19 пандемиясымен тұспа-тұс келген еді. Бұл жылдан-жылға кеңейіп, халқының саны көбейіп жатқан елорда медицинасындағы елеулі жаңалық болды. Ауруханаға сол қиын кезеңдерден қазірге дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор Жұлдыз Данбаева жетекшілік етеді. Жоғары санатты дәрігер жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын алды. Денсаулық сақтау саласының білгір маманымен сұхбаттасудың сәті түсті.
25 Қараша, 2025
Жаркентке жол тартқан жүргізуші енді жолдың азабын тартпайды. Тақтайдай тас жол жылдам жеткізеді. Шаруалардың да көңілі шат. Биыл жүгерінің бағасы да жоғары. Қырман толы астық. Ал ауыл жұрты әне-міне көгілдір отынды күтіп отыр. Осының бәрі Президент тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан игі істер. Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек өңір әлеуетінің артқанын жеткізді. Жетістігі мол өңірдің инфрақұрылымы да әжептәуір жақсарған.
25 Қараша, 2025
Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Менің ағаларым» атты эсселер жинағының таныстырылымы өтті. Зиялы қауым жылы қабылдаған жинаққа автордың кейінгі жиырма жыл (2005–2025) ішінде жазылып, қазақ қауымының ыстық ықыласына ие болған халқымыздың көрнекті мемлекет және қоғам, ғылым мен мәдениет қайраткерлері туралы таңдаулы эсселері енген.
25 Қараша, 2025
Биыл Ертіс-Баян өңірінің фермерлері 900 мың тоннаға жуық картоп жинады. Бүгінде өнімнің 10%-ы сыртқы елдерге экспортталған.
25 Қараша, 2025
Геннадий Головкин – Халықаралық бокс федерациясын басқарады
Геннадий Головкин «World Boxing» халықаралық бокс федерациясының президенті болып сайланды. Италияның Рим қаласында өткен конгресте әлемдік ұйымның тізгінін ұстаған отандасымыз – халықаралық спорт федерациясын басқарған Қазақ елінің алғашқы азаматы. Бұған дейін отандастарымыз спорт өрісінде мұндай беделді ұйым, федерациялардың басшылық лауазымын атқарған емес.
25 Қараша, 2025
Қаралатын мәселелер нақтыланды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтіп, онда депутаттар 27 қарашада өтетін Сенат отырысының күн тәртібін айқындап, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында комитеттердің алдағы іс-шараларын талқылады.
25 Қараша, 2025
«Дәрігерлер науқасты соққыға жыққан»: Министрлік мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде науқасты жедел жәрдем қызметкерлері аяусыз тепкінің астына алып жатқан бейнесі тарады. Халық алаңдап, екұдай күй кешті, деп жазады Egemen.kz.
24 Қараша, 2025
Бала денсаулығына зиянды өнімдер сөрелерде самсап тұр: Ахуалды қалай түзейміз?
Тұтыну нарығында балалар денсаулығына зиян әрі сапасы күмәнді өнімдердің көбейіп кетуі ата-аналар мен денсаулық сақтау саласы мамандарын алаңдатып отыр. Бұған мемлекеттік бақылау күшейіп, қоғам тарапынан жауапкершілік артпаса, жағдай ушыға беруі мүмкін. Президенттік іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты «Уды тоқтайық – Қауіпсіз балалық шақ: тұтыну сапасын бақылау және контрафактіден қорғау» атты дөңгелек үстел басында сарапшылар осы өзекті мәселені талқыға салды.
24 Қараша, 2025
Биыл белгілі қаламгер, филолог-ғалым, ұлт қайраткері Сапабек Әсіптің туғанына 100 жыл толды. Қарт көсемсөзші бар саналы ғұмырында Алаш ардақтылары ұстанған ұлт мүддесін мұрат тұтты. Осы жолда күрескерлік мақсатынан таймады.
22 Қараша, 2025
Вирустық инфекциядан барынша абай болыңыз!
Биыл елімізде эпидемиялық маусым әдеттегіден ертерек басталды. Былтыр алғашқы жағдайлар қарашада анықталса, биыл қазан айының басында тіркелді. Нақ қазір елде тұмаудың 590 жағдайы зертханалық тұрғыдан расталған. Сондай-ақ А типті тұмаудың 587 жағдайы тіркеліпті. Сосын, көпшілік талқылап, «Гонконг» деп атап жүрген тұмаудың түрі де вирустың жаңа штамы емес.
22 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай, Шымкентте «Еңбек өмірдің тұтқасы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда мыңнан астам жұмыс беруші екі мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды.
22 Қараша, 2025
Шетелдегі қазақ ғалымдары: интеллектуалдық өрістің жаңа көзі
Төрткүл дүниенің әр шетіне тарыдай шашылған қазақтардың біразы еліміз тәуелсіздік алған соң тарихи отанға ат басын бұрды. Алайда дамыған мемлекеттерде білім алып, сонда қызмет істейтін қандастардың көбі шетелде еңбек етеді.
22 Қараша, 2025
Еларалық келісімге қол қойылды
Үкімет үйінің ғимаратында Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізде ресми сапармен жүрген Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянның кездесуі өтті.
22 Қараша, 2025
Қаржы нарығы: сын-қатер мен мүмкіндік
Қаржыгерлер конгресі макроэкономикалық саясат пен қаржы саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылайтын басты диалог алаңына айналды. Осымен он үшінші рет өтіп жатқан конгрес қатысушылары қаржы секторын ырықтандыру мен оның экономикалық өсімге тигізетін әсері жөнінде пікір алмасты.
22 Қараша, 2025
Жамбыл облысында өндіріс саласын өркендетуге басымдық беріліп отыр. Атқарылған жұмыстың нәтижесі де көңіл көншітеді. Кейінгі 10 айдың бедерінде өңірде 1 трлн теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткішпен Жамбыл облысы өңірлер арасында көш бастап тұр. Жалпы, облыс аумағындағы 919 кәсіпорында 41 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр. Биыл өңірде бірнеше кәсіпорын ашылған еді. Күні кеше сол үрдіс сәтімен жалғасты.
22 Қараша, 2025
Алатау – заманауи урбанистика үрдісіндегі шаһар
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Алатау қаласын дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар мен урбанистер қатысқан жиында Мемлекет басшысы жүктеген – қаланы халықаралық іскерлік, инновациялық және технологиялық хабқа айналдыру міндетін іске асыру тетіктеріне баса назар аударылды.
22 Қараша, 2025