Редакция таңдауы
Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынның жазу мәшеңкесі сақталған. Бұл бағалы жәдігерді сол жылдардағы ел үкіметі қайраткерлік пен қаламгерлікті тең ұстаған айтулы тұлғаның шығармашылығына 20 жыл толуына орай сыйға тартқан.
13 Қыркүйек, 2024
Бұл да Жаппар мұғалімнің әңгімесінен. Сол жылы қыстың ортасына дейін ауылға көмір жетпей қойды. Бұл осы салаға жауапты аудан, ұжымшар басшылығы кінәсінен бе, жоқ шойын жол мен көмір таситын тауар вагоны жүйесінің бір ақауынан ба – білмедік. Қарашаның қара суығы жетіп келді. Мектепте отын таусылған. Сонда майдангер директор Шәкіржан ағай ауыл ақсақалдары мен аға буынды шақырып, шұғыл мәслихат құрды. Шешім де тез шықты. «Жастау жігіттер мен жоғары сынып оқушылары таудан, тоғайдан отындық ағаш жинайды. Қызуы ұзақ қураған долана, жиде, кәтіреңке кесу – уәжіп!». Тапсырма – осы. Қысқасы, еңбек пен дене шынықтыру сабағы далада өтеді. Ата-анамыз аз-кем тамағымызды қалта-дорбамызға салып береді. Ең қызығы, ер мұғалім атаулы қарап тұрмай, өздері үлгі көрсетуі керек. «Көз – қорқақ, қол – батыр» дегендей, екі аптада тау-тау отын жиналды. Бұған бәріміз мәзбіз. Күзде ерте қас қараяды. Бортты машина келгенше ортаға от жағып, Жаппар ағайлардың әдемі әңгімесін тыңдаймыз.
13 Қыркүйек, 2024
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары мәресіне жетті
Астанада ұйымдастырылған 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары мәресіне жетті. Дүбірлі доданың салтанатты жабылу рәсімі этноауылда өтті, деп жазады Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындары: Қазақстан жалпы командалық есепте топ жарды
Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары мәресіне жетті. Нәтижесінде ұлттық құрама 44 алтын, 33 күміс, 37 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шымкентке жұмыс сапары аясында мегаполистің қазіргі даму барысымен және Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шараларымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2024
Айқабақ – Аламан бәйгенің жеңімпазы
25 шақырымдық Аламан бәйгеде де Қазақстан тұлпары бірінші келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2024
Теңге ілуден қоржынға тағы бір «алтын» түсті
Аталған ұлттық спорт түрі бойынша бұл – қоржынға түскен үшінші алтын, деп жазады Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2024
Алматыдағы әскери институттан сержанттың денесі табылды
Әлеуметтік желіде Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтынан сержанттың денесі табылғаны туралы ақпарат тарап жүр. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растады, деп жазады Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2024
Астан улануы мүмкін: Маңғыстау облысында тағы 16 оқушы ауруханаға жүгінген
12 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы орта мектептің 16 оқушысы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, олар астан улануы мүмкін, деп жазады Egemen.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
13 Қыркүйек, 2024
Әйгілі Кабирханның иесі көшпелілер ойындарының жеңімпазы атанды
Астанада өтіп жатқан көшпелілер ойындары аясында бәйге сайыстары басталды. Бүгін ұшқыр бәйгеден 1600 метр қашықтықты еңсерген жеңімпаздар анықталды, деп жазады Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2024
Тіл – халықтың ең маңызды қазыналарының бірі. Жұртты жақындастыратын байланыс құралы, достық дәнекері. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қадыр Мырза-Әлі айтқандай, қанша тіл білсең де артық етпейді. Ең бастысы, мемлекеттік тіліңді меңгеру – құрметтің биігі.
13 Қыркүйек, 2024
Көшеден тамақтануға көңіліңіз ауа ма?
Үйдегі үйреншікті дастарқаннан бас тартып, көшеден тамақтануға көңіл ауып тұратындар бар. Бір сәт бала-шағасын ертіп, мейрамханалатып қайтуды кім қолай көрмесін. Десе де әркім өз қалта-қарымына қарай көсіледі. Жұрттың бәрі бірдей қымбат мейрамханаға бармаса да, түрлі қоғамдық тамақтану орнына жиі бас сұғу мегаполис тұрғындары үшін қалыпты үрдіске айналғанын байқаймыз.
13 Қыркүйек, 2024
Мұнай бағасының түсуі тығырыққа тірей ме?
«Brent» маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет барреліне 69 долларға құлдырады. Ал «WTI» маркалы мұнайдың бағасы 3,1 пайызға төмендеп, 66 долларға түсті. Сарапшылар бұл құбылысқа әртүрлі баға беріп отыр. Несібесін мұнайдан табатын мемлекеттерді бұл үрдістің үркітетіні рас. Таяқтың бір ұшы бізге де тиетіндей.
13 Қыркүйек, 2024
Полиэтилен өндірісінің өрісі кеңейеді
Отандық өндірістің әлеуетін арттырып, шығарылған өнімге қатысты экспорттық бағдарлауды күшейту – жергілікті өнеркәсіптің алдындағы маңызды міндет болып тұр. Әсіресе мұнай-газ саласында игерілмей жатқан мүмкіндіктер қаншама. Соның бірі де бірегейі біраздан бері айтылып жүрген полиэтилен өндірісі болатын. Биыл 11 қыркүйекте Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында жылына 1,25 млн тонна қуаттылыққа ие полиэтилен өндіретін зауыттың бастапқы құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның инвестициялық құны – 7,4 млрд доллар.
13 Қыркүйек, 2024
Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді
Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2024
Қыранын қияға салған құсбегілер
Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының бесінші жарыс күнінде құсбегілер шеберліктерін сынады. Ел сенімін арқалаған саңлақтардың барлығы да бүркіт, қаршыға, ителгі салудан финалдық кезеңге өтті. Этноауыл маңындағы алаңда томағасын сыпырып қыранын қалықтатқан құсбегілер бекзада өнердің ұлылығын паш етті.
13 Қыркүйек, 2024
Қылмыстық кодекстегі қисынсыз бап немесе киік мүйізінің әуресі
Мәжілістің осы аптадағы жалпы отырысында төменгі палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Абзал Құспан еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, онда киіктің мүйізіне бола әділетсіз сотталып кетіп жатқан отандастарымыздың жанайқайын жеткізді. Сондай-ақ депутат еліміздің батыс өңіріндегі киікке қатысты, сол киіктің шамадан тыс көбеюі салдарынан туындаған жергілікті шаруалар мәселесін былтырдан бері тұрақты түрде көтеріп келе жатқанын, алайда Үкімет бұл мәселелерді шешуде қауқарсыздық танытып отырғанын айтты.
13 Қыркүйек, 2024
Біздің буын әдебиетке әйгілі Желтоқсан көтерілісінен кейін келді... Жалпы жұрттың ұйқы басқан санасында сілкініс туып, сол кездегі қолына қалам алған жас буынның ішкі қарсылығы мен уытты зығырданы зар-запыран болып ұйып тұрған алмағайып уақ-ты. Біздің арамызда қызыл қоғамның зардабы тимеген қыз-жігіт некен-саяқ. Жүрегіне жара қатып, санасына салмақ түскен. Булыққан буынның шығармашылығында ширыққан ой-сезіммен қоса цензура тыйым салған удай жайларды ашық жазу қалыпты үрдіске айналуы да содан болар... Батыл болды, батырып жазды. Соқтасы шыққан сол сұрапыл оқиғалар сілемі үміт күткен тәуелсіздікпен астасқанының куәгері болған, алас-күлеске толы өксікті күндерде опынған, бірақ қазақ руханиятына адалдық қалпынан айнымаған бұла буының өкілі – біздің Роза Мұқанова.
13 Қыркүйек, 2024
Қазан айында халқымыздың ардақты перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толады. Бұл орайда Түркістан өңірінде айтулы тұлғаның болмысын, атқарған ісі, тарихтағы орны, қайраткерлігі мен азаматтығын жан-жақты қамтып, кейінгі ұрпаққа таныта түсу мақсатында ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған. Сондай-ақ осыдан 20 жыл бұрын, яғни 100 жылдығына орай ашылған нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен тұлғаны ұлықтау мақсатында айтылған, бірақ іске аспаған ұсыныстар да баршылық.
13 Қыркүйек, 2024
Кейінгі жылдары еліміздің кеден қызметінде цифрлы трансформациялау бағытында қанатқақты жобалар қолға алынып, бұл көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырып, жұмыс үдерісінің ашықтығына жол ашты.
13 Қыркүйек, 2024