Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Б.Ельцин атындағы кітапханаға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Желтоқсан, 2023
Министр спорт саласының майталмандарын марапаттады
Бүгін Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордадағы Президенттік орталықта 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» атты марапаттау іс-шарасы өтіп, ел абыройын асқақтатқан спортшылар, спортқа елеулі үлес қосқан сала мамандары 18 аталым бойынша марапатталды. Салтанатты жиынға Парламент депутаттары, Олимпиаданың және биылғы әлемдік біріншіліктер мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Желтоқсан, 2023
Жаңа жылдан бастап зейнетақы қанша пайызға өседі?
2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 7 %-ға, ынтымақты зейнетақыны – 9 %-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға ілгерілеп арттыру көзделген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
25 Желтоқсан, 2023
Артық ақша төлемеу үшін несие алғанда нені ескеру керек? Сарапшы пікірі
2019 жылы Президенттің пәрменімен 507 мың адамның несиесі кешірілген. Былтыр 30 желтоқсан күні белгілі критерийлер бойынша азаматтарды банкрот деп тану туралы заңды мемлекет басшысы мақұлдады. Мұндай шаралар тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуі сынды мәжбүрліктен туып тұр. Мемлекеттік деңгейде мәселе көтеріліп, шара қабылданып жатқанымен, кәсіптен тапқан нәсібін ай сайын несие жабуға жұмсайтындар саны азаймай тұр. Биыл бұл көрсеткіш Ұлттық банктің сәуір айындағы есебі бойынша 15 триллион теңгеге жеткен. Бұл елдегі 7 939 000 адамның банкке берешегі. Бірі несиені дер кезінде өтесе, бірі қарызынан құтыла алмай «құрықталып жатыр». Соңғыларының несие шырмауынан шыға алмауы түбі түрлі әлеуметтік шиеленіске соқтырады. Ендігі жерде үкімет несие беру тәртібін қайта қарамақ.
25 Желтоқсан, 2023
Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
2021 жылы қаңтарда жетінші шақырылымдағы Мәжілістің ең жас депутаты болған экс-мәжілісмен Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Желтоқсан, 2023
Өткен аптаның соңында елорда төріндегі Ұлттық академиялық кітапханада Парламент Сенатының қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, жырау Баянғали Әлімжановтың «Алаш пен Манас» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл іс-шара – бауырлас қырғыз халқының әлемге әйгілі эпосы «Манас» жырын танымалдандыруға арналды.
25 Желтоқсан, 2023
Республикалық бюджет: шығын көп, табыс аз
2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде республикалық бюджеттің табысы 12,9 трлн теңге болды, бұл былтырғыдан 9,7 пайызға көп. Ал шығын 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 22,5 пайызға көбейіп, 15,3 трлн теңгеге жетіпті.
25 Желтоқсан, 2023
Үлескердің заңды мүддесін кім қорғайды?
Жылына бірнеше рет отандық телеарна жаңалықтарынан газет ақпараттарынан алданған үлескерлер туралы кемі оншақты рет тыңдаймыз, оқимыз. Биыл елімізде 13,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынса, соның 12,2 млн шаршы метрін жекеменшік тұрғын үй компаниялары салыпты. Соның ішінде 5,4 млн шаршы метрі халық қаражатына салынған. Яғни үлестік құрылыс нысандары деген сөз.
25 Желтоқсан, 2023
Экономиканы өрге сүйреген өнеркәсіп
Экономиканың қозғаушы күші – өнеркәсіп. Бірақ бұл бұлжымас ақиқатты өмірде іске асыру қиынның қиыны. Біздің ел әу бастан шикізаттық сатылымға арқа сүйейтін ел, десе де әр жылдары әртүрлі бағдарлама аясында өнеркәсіпті дамытуға күш салып келеді. Бірі – нәтижелі, бірі – нәтижесіз. 2023 жылы да бұл салада аз жұмыс атқарылған жоқ. Жалпы сомасы 376,3 млрд теңгеге 91 өнеркәсіп нысанының іске қосылуының өзі – тәуір көрсеткіш.
25 Желтоқсан, 2023
ФИФА-ның ресми сайтында 2023 жылдың қорытындысы бойынша аталған ұйымның рейтингінде ең көп ұпай жиған ұлттық құрама командалардың тізімі жарияланды.
25 Желтоқсан, 2023
«Дарын» сыйлығы: Топжарған жастар
Өткен жұмада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды. Үздіктерді елордада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева марапаттады.
24 Желтоқсан, 2023
«Umai» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары
Өнер саласындағы біртуар қайраткерлердің есімін анықтап, отандық мәдениеттің дамуына және ілгерілеуіне ықпал ететін «Umai» ұлттық сыйлығының биылғы жеңімпаздары белгілі болды. Елорда төріндегі «Астана Опера» театрында өткен «Umai-2023» ұлттық сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет майталмандары қатысты.
24 Желтоқсан, 2023
«Qarmet» кәсіпорны құқық қорғау органы мен медицина қызметкерлеріне арнайы көліктердің кілтін табыстады. Жаңа көлік кілттері облыс орталығымен қоса қанаттас Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, қалаларына берілді.
24 Желтоқсан, 2023
Шағын бизнестің өрісін кеңейтуді көздейтін қайтарымсыз гранттардың істің көзін таба білген азаматтарға шарапаты көп тиіп жатыр. Мәселен, Арқалық қаласының тұрғыны Ержан Құдабаев кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасына қатысып, 1 млн 380 мың теңгенің грантын ұтып алған. Нәтижесінде, баяғы шопандардың ауылын аралап жүретін автомонша жасап алып, елден саяқ қонған малсақ ағайынның қажетін өтеп жүр.
24 Желтоқсан, 2023
Ұлттық музейде белгілі археолог, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәкен Таймағамбетовтің 70 жасқа толуына орай «Ж.Таймағамбетов және Еуразия палеолитінің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
24 Желтоқсан, 2023
Өлең – сөздің данасы, шыңдықтың анасы – Бұқар жырау
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Авторлық тұжырым ретіндегі қысқа әдеби туынды. Көркем кестеленген нақыл сөз. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстар мен адамдардың іс-қимылына, мінезіне деген көзқарастағы анықтық, пікір жинақтап қорыту мен түйін жасаудағы логикалық жүйелілік және ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Әйтеке Байбекұлы, Қазыбек Келдібекұлы, Төле Әлібекұлы, Қожаберген Толыбайұлы, Бұқар Қалқаманұлы (Бұқар жырау) ойларын ұсынып отырмыз.
23 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде қандай ірі жарыстар өтті?
Тәуелсіздігіміздің 32 жылында елімізде ірі-ірі бірнеше байрақты бәсеке ұйымдастырылып, ел мерейін тасытатын іс-шаралар өткізілді. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде алғаш әлемдік дүбірлі доданы 2002 жылы қабылдады. Сол жылы еліміздің бас шаһарында бокстан Әлем кубогі бәсекесінің байрағы желбіреді, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Желтоқсан, 2023
«Хан Шатыр» cауда орталығынан өрт шықты
Астана қаласындағы «Хан Шатыр» cауда орталығы ғимаратында өрт болып, оған келушілер және қызметкерлер мен жұмыскерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңды мақұлдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
23 Желтоқсан, 2023
Президент дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Желтоқсан, 2023