Оқиға • 23 Желтоқсан, 2023

«Хан Шатыр» cауда орталығынан өрт шықты

834 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы «Хан Шатыр» cауда орталығы ғимаратында өрт болып, оған келушілер және қызметкерлер мен жұмыскерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Хан Шатыр» cауда орталығынан өрт шықты

Фото: Астана ТЖД

Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 желтоқсанда сағат 14:00-де өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылындағы «Хан Шатыр» сауда орталығындағы өрт туралы хабарлама бойынша оқиға орнына шұғыл барды.

«Келгеннен кейін өрт сөндірушілер бес минут мұғдарында ғимараттың артқы есігі жағынан қап-қара қою түтіннің шығып жатқанын анықтаған. 10 кв жеке тұрған трансформаторлық қосалқы станция және №0 қабаттағы кабельдік шахта өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ТЖД.

Өртті жою бойынша жеке құрамның 66 адамы, қалалық ТЖД-нің 14 техникасы, өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25