Спорт • 23 Желтоқсан, 2023

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде қандай ірі жарыстар өтті?

196 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тәуелсіздігіміздің 32 жылында елімізде ірі-ірі бірнеше байрақты бәсеке ұйымдастырылып, ел мерейін тасытатын іс-шаралар өткізілді. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде алғаш әлемдік дүбірлі доданы 2002 жылы қабылдады. Сол жылы еліміздің бас шаһарында бокстан Әлем кубогі бәсекесінің байрағы желбіреді, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде қандай ірі жарыстар өтті?

Фото: Turizm jane sport ministrligi

2011 жылы Алматы мен Астанада еліміз бойынша алғаш рет VII қысқы Азия ойындары ұйымдастырылып, Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды: 32 алтын, 21 күміс, 17 қолаға қол жеткізіп, бұрын-соңды болмаған рекорд тіркеді.

2013 жылы Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы сарайда бокстан ересектер арасында екі аптаға созылған əлем чемпионаты өтіп, Біржан Жақып, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов, Жəнібек Əлімханұлы əлемдік сында атой салды. 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль еншілеген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады.

2014 жылы Алатау баурайында ауыр атлетикадан өткен жаһандық додада Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 1 қоламен жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болды. Әлемдік жарыста Зүлфия Чиншанло, сол уақытқа дейін үш дүркін əлем чемпионы болып, төрткүл дүниеге өзін мойындатып үлгерген Илья Ильин және Жасұлан Қыдырбаев топ жарды.

Әлемдік жарыстар өткізу 2015 жылы бас шаһарға ойысып, тəуелсіздік тарихындағы төртінші əлем чемпионатының шымылдығы елордада түрілді. Дзюдодан жаһандық татами бәсекесінде Елдос Сметов (60 кг) əлем чемпионатында алтынмен апталды. Ал финалда Е.Сметовтан жеңілген Рустам Ыбраев ел тарихында күміспен күптелген екінші спортшы атанды.

2016 жылы дүниежүзінің ең мықты бұрымды боксшыларының басын қосқан Астанадағы дүбірлі додада қыздарымыз 10 салмақ дəрежесі бойынша сынға түсіп, Қазақстан құрамасының 4 боксшысы жаһанның теңдессіз спортшысы деген атаққа ие болса, екі спортшымыз ел қоржынына қола жүлде салды. Нақты атағанда, Назым Қызайбай (48 кг), Дина Жоламан, (54 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Лəззат Күнгейбаева (+81 кг) алтыннан алқа тағып, қазақтың күрзі жұдырықты қыздары да мықты екенін паш етті.

2017 жылы елімізде 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада сайысы өтті. Он күндік студенттік ойындарда жерлестеріміз – 11 алтын, 8 күміс, 17 қола, барлығы 36 медаль олжалап, командалық есепте екінші орынға табан тіреді.

2019 жылы елорда төрінде ұйымдастырылған күрес түрлерінен жаһан біріншілігінде төрткүл дүниенің ең мықты 1002 балуаны белдесті. Бас шаһардағы əлемнің басты жарысы – Токио Олимпиадасына жолдама беретін алғашқы лицензиялық турнир болды. Ел намысын қорғаған 30 балуанымыздың арасынан үш өреніміз финалға шығып, төрт балуанымыз қола медаль иеленді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25