Аталған видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін адвокат Мейірман Шекеев бұл пікірді сынға алып, құқықтық шара қолданатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұлттық құндылықтар мен тарихи тұлғалардың есімін қорлауға жол берілмеуі тиіс.
Бұған дейін қоғам белсенділері көшеге Мұхтар Шахановтың есімін беру туралы петиция жариялаған болатын. Қазіргі таңда оны шамамен 10 мыңға жуық адам қолдаған.
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында 19 сәуір күні дүниеден өтті. Соңғы жылдары ақын денсаулығына байланысты бірнеше мәрте ем қабылдаған еді.