Редакция таңдауы
Берері мол бірлескен оқыту курсы
Астанада Coventry University-дің қолдауымен Парламент Сенаты жанындағы Талдау мектебі мен Harvard Alumni Kazakhstan компаниясының бірлескен оқыту курсы басталды. Жоба аясында алғашқы дәрісті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқыды.
17 Маусым, 2025
Рақымшылық жасау туралы заңды қарайды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтті. Онда депутаттар 19 маусымда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі және осы аптада болатын кездесулер мен комитеттердің көшпелі отырыстарында талқыланатын мәселелерді пысықтады.
17 Маусым, 2025
Жаңа кезеңге қадам басқан сенімді серіктестік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келді. Президент мәртебелі мейманды Астана әуежайынан қарсы алды. Торапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті. Ал әуежай терминалында ҚХР Төрағасымен балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды. Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.
17 Маусым, 2025
Төр Алтайдағы төрткүл дүние көз тіккен той
Неше күннен бері Алтайдың аясын тұлпардың дүбірі мен домбыраның күмбірі тербеді. Сақи даланың тарихынан сыр шертетін шарада түбі бір түркілердің ұрпақтары бас қосып, мәре-сәре болысты. Сонау Саха елі, Түркия, Қырғызстан сынды бауырлас мемлекеттерден өнер жұлдыздары келді. Алқалы басқосу аясында қазақтың көрнекті қаламгерлері Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханға арналған конференция, жыр кеші ұйымдастырылды. Осылайша, басталған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі үш күнге созылды.
17 Маусым, 2025
Ауылдан ашылған «ақылды» ферма
Агросаланың ауқымы артып келеді. Бұл дегеніміз – ауылға бетбұрыс бар деген сөз. Өңірімізде қомақты қаржы құйылып жатқан ірі кешендер көп. Осакаров ауданының Родников ауылында «Eurasia Invest» компаниясы 6000 сиырға арналған заманауи сүт-тауар фермасын салып жатыр. Бұл – еліміздегі 30 млрд теңгеден асатын ірі инвестициялық жобалардың бірі.
17 Маусым, 2025
Елімізде дәрігерлерді қорғайтын тұжырымдама әзірленеді
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш көрсету жағдайларын болдырмауға арналған ортақ тұжырымдаманы – Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірлейді. Тұжырымдама – медициналық мекеменің қауіпсіздік талаптары көрсетілетін медициналық көмектің түрі-деңгейі мен пациенттердің ағынына қарай әзірленетін болады, деп жазады Egemen.kz.
16 Маусым, 2025
Вандализм немесе агрессия анатомиясы
Қоғамдық тәртіпті тәлкек етіп, мәдени кеңістікке кесір тигізетін вандализм атаулы дерт бүгінде дүние жүзі елдерінің күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отыр. Бүлікшіл пиғылдан бастау алатын мұндай әрекеттер, бір қарағанда, тек қабырғаға салынған қисынсыз сурет немесе бүлінген мүлік болып көрінуі мүмкін. Алайда кез келген әлеуметтік әумесерліктің астарында, көбіне, жатсыну, наразылық, мәнсіздік сияқты күрмеуі қиын күрделі себептер жатады.
16 Маусым, 2025
Биыл елімізде 8 жаңа мамандық пайда болады
Қазақстанның еңбек нарығын ауқымды жаңғырту күтіп тұр. Қазірдің өзінде заманауи экономиканың талаптарына жауап беретін сегіз жаңа кәсіп енгізу жоспарланды. Олардың ішінде 3D басып шығару инженерлері мен роботты бояу жүйелерінің операторлары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Маусым, 2025
Инклюзивті қоғамға – игі қадам
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге OzgeEpic атты алғашқы ірі креативті хабына барып, оның қызметімен танысты. Соның аясында хабтың шығармашылық тобы аутизм жөнінде терең ой салатын және сол қиындықты еңсеру жолында қалыптасқан стандарттан тыс шешімдер іздейтін оқиғаны баяндайтын «Құштар» спектаклін сахналады.
14 Маусым, 2025
Құнанбай қажының жігіт шақтағы Абайға алғаусыз сенім артып, «ата салтынан адаспа, балам» дейтіні бар. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты біз немен өлшеп жүрміз? «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек АЙТМАҒАНБЕТПЕН сұхбатымызда осы мәселеге қатысты сауалдарды көлденең тарттық.
14 Маусым, 2025
Ішкі жалпы өнім көлемі 6 пайызға өсті
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында еліміздің ішкі жалпы өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен.
14 Маусым, 2025
Отбасы тәрбиесінің темірқазығы
Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі Әкелер күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай кеше Астанада республикалық әкелер форумы өтті. Оныншы мәрте ұйымдастырылған іс-шараға Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті. «Әке. Отбасы. Қоғам» тақырыбында өткен форум бірнеше сессияға негізделді.
14 Маусым, 2025
Ұлт саулығын сақтаудың ерен тұлғалары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Президент жиналған қауымды Медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті.
14 Маусым, 2025
Қазір білім аламын деген адамға шекара да, шектеу де жоқ. Үйде отырып-ақ, елден шықпай-ақ әлемге әйгілі жоғары оқу орындарының курстарынан өтіп, сертификат иеленіп, тіпті диплом алуға болады. Бұған ашық университеттер жобасы мен онлайн білім бағытының қалыптасып, дами түскені ықпал етті.
14 Маусым, 2025
Отандық дәрігерлер жыл сайын жүрекке мыңдаған ота жасайды - Тоқаев
Президент жыл сайын 45 мемлекеттен шамамен 10 мың адам Қазақстанға емделу үшін арнайы келетінін, бұл еліміздегі дәрігерлік көмектің сапасының жоғарылығын көрсететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Маусым, 2025
Қазақстандықтар шілде айында қалай демалады
Елімізде жыл сайын 6 шілдеде Астана күні аталып өтеді. Бұл күн ресми түрде демалыс болып саналады. Биыл Астана күні жексенбіге сәйкес келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Маусым, 2025
Сенімді серіктес, жауапты инвестор
«Самұрық-Қазына» қоры 2024 жылдың қорытындысы бойынша ірі жобаларды іске асырып, қаржылық және әлеуметтік көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Қор мемлекетке 3,4 трлн теңге аударып, республикалық бюджет кірісінің 17%-ын қамтамасыз етті. Сонымен қатар инфрақұрылым, отандық өндіріс және әлеуметтік қолдау бағытында ауқымды жұмыс атқарылды.
13 Маусым, 2025
«Келешек мектептері» – тең мүмкіндік пен кәсіби бағдар
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 2024–2025 жылдары 460 мың оқушыға арналған 217 заманауи мектеп іске қосылады. Бұл бастама білім саласындағы инфрақұрылымдық теңсіздікті жойып, оқушыға жайлы орта мен сапалы білім көздейді. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова жобаның ауқымы мен ерекшелігі туралы толығырақ айтып берді.
13 Маусым, 2025
Ерекше балаларға арналған құрылғы Өскеменнен шығады
Облыс орталығында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған жиһаз жасайтын орталық жұмысы дөңгелеп тұр. Елімізде 230 мыңға жуық ерекше бала бар. Шығыс Қазақстан мұндай бала саны кейінгі бес жылда 9 мыңнан 11 мыңға көбейді. Ерекше балаларға сапалы білім беру мақсатында үш жыл бұрын С.Аманжолов атындағы ШҚУ жанынан инклюзивті білім беру орталығы ашылып, ерекше балаларға арналған жиһаздар жасала басталды.
13 Маусым, 2025
Аса беделді халықаралық ұйымның болашағы баянды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясына мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы ерекше екенін айтты.
13 Маусым, 2025