
Фото: Ашық дереккөз
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, егер мереке күнi демалыс күнiне сәйкес келсе, онда келесі жұмыс күні демалыс күні болып есептеледі. Осы ережеге байланысты биыл қазақстандықтар 7 шілде, дүйсенбі күні де демалады.
Осылайша, демалыс күндері төмендегідей болады:
- Бес күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін – қатарынан үш күн демалыс: 5 шілде (сенбі), 6 шілде (жексенбі), 7 шілде (дүйсенбі);
- Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін – екі күн демалыс: 6 шілде (жексенбі) және 7 шілде (дүйсенбі).
Сонымен қатар, шілде айындағы жұмыс және демалыс күндері мынадай:
- Бес күндік жұмыс аптасында – 22 жұмыс күні, 9 демалыс күні;
- Алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні, 5 демалыс күні.