Редакция таңдауы
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, әділет органдарының қызметі мен атқарып жатқан жұмыстары талқыға түсті. Ресми өкіл журналистерге еліміздегі алимент өндіру, әділет саласын цифрландыру, елді мекендердің атын өнімге беру арқылы бренд қалыптастыру, аутопсия әдісімен медициналық сараптама жасау сияқты мәселелер хақындағы өзгерістерді тілшілерге түсіндірді.
13 Наурыз, 2025
Елімізде коллекторлық агенттіктердің жұмысына жаңа ережелер кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Бүгінде олар борышкерлерге қарыздың сатып алынғаны туралы 30 күн ішінде хабарлап, өтініштерін тіркеуге әрі қарастыру нәтижелерін құжаттауға міндетті. Бұл өзгерістер жариялылықты арттыруға бағытталған. Алайда мамандардың айтуынша, борышкерлер өз құқығын білмегендіктен, қарапайым ережелерді меңгере алмай, берешек жүгінен құтыла алмай отыр.
13 Наурыз, 2025
«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 2024 жылы өңірге 1,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Бір қолын екі ете алмай отырған малсақ қауымды қолтығынан демеп, алға бастыратын көп-көрім демеу. Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының дерегіне қарағанда, ауыл тұрғындарының кірісін көбейтіп, қара қазанын майлау үшін республикалық бюджеттен жоғарыда аталғандай қаражат бөлінген. Қазірде «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 1 931,7 млн теңгені құрайтын 220 өтінім түскен. Оның 1 161,2 млн теңгелік 128 өтінімі мал шаруашылығын дамытуға ұсынылған екен. Несие комитеті 131 өтінімді мақұлдаған. 29 ақмолалықтың қолына қаражат тиіп, ілкімді ісін бастап кеткен.
13 Наурыз, 2025
Алматының бас ботаникалық бағы алғашқы галантус гүлдегенін хабарлады. Бұл нәзік өсімдіктерді халық арасында бәйшешек деп те атайды, деп жазады Egemen.kz.
12 Наурыз, 2025
Мүфтият ауызашарды халыққа қолжетімді етуге шақырды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айында бірқатар мейрамхана, дәмханалардың ауызашар мәзірінің бағасын шарықтатып жібергенін сынап, тамақтану орындарын халыққа қолжетімді баға ұсынуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Наурыз, 2025
Шерзаттың ісі жақын күндері сотқа жіберіледі
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Наурыз, 2025
«Жалған қол қойған»: Перизат Қайраттың қоғамдық қоры таратылды
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім шығарды. Сотқа бұл жөнінде Әділет департаменті шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Наурыз, 2025
Украинадағы соғыс 30 күнге тоқтайды
Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен келіссөз нәтижесінде АҚШ пен Украина атысты 30 күнге тоқтату туралы ымыраға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Наурыз, 2025
«Жастар практикасы» аясында 33,3 мың адам жұмысқа орналасты
2024 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының бірі – «Жастар практикасын» жүзеге асыру аясында 33,3 мың адам жұмысқа орналастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Наурыз, 2025
Қазақ қашаннан кеңдігімен, елдігімен, сан бояулы салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Ұлтымыздың ұлылығын нақыштайтын қанға сіңген қасиет, әдет-ғұрыптар бойтұмар сынды сан ғасырдан бері жасап келеді. Әсіресе күн мен түн теңеліп, Самарқанның көк тасы жібитін, қазан оттан түспейтін, Жер-ана бусанып, тіршілік атаулының тамырына қан жүгіретін Ұлыстың ұлы күнінің тарихи һәм ұлттық маңызы орасан. Қазіргідей жаңа заманға, жаңа қоғамға, жаңа уақыттың ағысына сай дәстүрге айналған мерекенің де жалпыхалықтық сипаты өзгеріп келеді. Жаһандану кезеңінде мұндай өзгерістердің болуы да заңдылық.
12 Наурыз, 2025
Еңбек жолын енді бастаған, баспана сатып алуға жағдайы жоқ жас мамандарға жәрдемдесу мақсатында елімізде бірнеше жыл бұрын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл қадам жастарға пәтерді нарықтық бағадан едәуір төмен жеңілдікті бағамен жалдап, кейін өз баспанасын сатып алу үшін қаражат жинауға жақсы мүмкіндік берді.
12 Наурыз, 2025
Доллар бағамына қатысты болжам
«Halyk Finance» сарапшыларының пікірінше, наурыз айында доллар бағамы 505-515 теңге аралығында болуы мүмкін. Бұл теңгенің аздап әлсірейтінін білдіреді. Қазір айырбастау бағамы 499-500 теңге шамасында екенін ескерсек, көпшілікке бұл өзгеріс аса байқалмауы мүмкін.
12 Наурыз, 2025
Автонесие: Шарт пен мөлшерлеме
Бүгінде автокөлік – көптеген отандасымыздың сенімді серігі, қажетті құралына айналды. Алайда жаңа немесе сапалы қолданыста болған көлікті бірден сатып алу көпшілікке қиын. Осы ретте автонесие тиімді шешім болуы мүмкін. Елдегі банктер қандай шарттар ұсынатынын, ең тиімді ұсыныс қайсы екенін қарастырайық.
12 Наурыз, 2025
Бүгін Бөкей ордасы құрылған күн
1801 жылдың 11 наурызында Ресей патшасы І Павелдің жарлығымен Еділ мен Орал өзендерінің арасында 1801-1876 жылдар аралығында өмір сүрген Ішкі немесе Бөкей ордасы құрылды.
11 Наурыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары Президент Серджо Маттарелламен кездесуден басталды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
09 Наурыз, 2025
Президент: Аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелік құттықтау сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Наурыз, 2025
Бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Наурыз, 2025
Ораза сергектік пен жауапкершілікті күшейтеді - терапевт-гастроэнтеролог
Рамазан айындағы отыз күн оразаның сауабынан бөлек, денсаулыққа пайдалы жағы да көп. Дегенмен бойында кінәраты бар кейбір адамның ағзасына кері әсері де болуы мүмкін. Ас қорыту жүйесінің дерті көбейіп тұрған бүгінгі заманда ауыз бекітудің пайдалы тұстарымен қатар, жанама кері әсерлерін де білген абзал. Осы мақсатта Астанадағы «Жәрдем» медициналық орталығының терапевт-гастроэнтерологі Нұргүл Исаевамен сұхбаттасқан едік.
07 Наурыз, 2025
Қиын кезде қолдаған халыққа риза
Қазаққа жиі алғыс айтатын этностың бірі – кәріс. Өйткені жергілікті тұрғындар 1937 жылы Қиыр Шығыстан депортацияланған оларды кеудеден итермей, бауырына басты. Қазір Атырау облысында қиырдан жер аударылған этностың 3 мыңға жуық өкілі бар.
07 Наурыз, 2025
Отандастарымыз микроқаржы ұйымдарының қарыз батпағына батып барады – берешек 1,2 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 12,9%-ға өсті. Халық банктен бір, шағын ұйымдардан бір пайызы шарықтаған қарыз алып, алаңнан арыла алмай отыр. Мемлекет бақылауды күшейтсе де, қарызға тәуелділік күн сайын өршіп келеді. Қаржы дағдарысының шеті көрінер емес...
07 Наурыз, 2025