Редакция таңдауы
МӘМС қаражаты қайда жұмсалады?
«МӘМС қаржысы қайда кетіп жатыр?», «Жыл бойы емханаға бармасақ, аударған жарнаның басын қосып, қайтарып алуға бола ма?». Кейінгі кезеңде қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты осы екі сауал жиі қойылады. «Сақтандырылған» мәртебесі бола тұра, жеке емханаларға қаралатындар бар. Сол тұрғыда тіркелген емханадан тиісті ем-шара алмаған тұрғындардың сын-пікірі де орынсыз емес.
26 Ақпан, 2025
Жергілікті тауардың үлесі жоғары
Жиһаз өндірісі озық технологияларды енгізуімен ерекшелене бастады. Инновациялық материалдар мен смарт технологияларды пайдалану жиһазды бірегей және сұранысқа ие етеді. Бас кеңсесі Алматыда орналасқан «ДСП Центр» кәсіпорны жиһаз өндірісінде смарт технологияны қолданысқа енгізген компаниялардың алғашқы үштігіне кірген.
26 Ақпан, 2025
Оны Құдай дүние-мүкамалға кенде қылмады. Бала-шағасы бар, бау-шарбағы, бәрі-бәрі түгел. Солай бола тұра көзі де, көңілі де аш. Зарлайды да жүреді. Аузынан шығатын ең көп сөз – «жоқ, жоқ». Алыс-беріске сараң. Қанағат деген қасиетті ұғым санасында туа бітті болмаған сияқты. Бірақ, жастау кезінде жөні түзу адам еді... Соңғы кездері қатты өзгерді, теріс жағына. Мұны құртқан – кім ұйымдастыратыны белгісіз тәрізді көрінгенімен негіз қалаушы нәпсі деген құдірет екенін көпшілік үштей түйсінетін дүниежарыс атты «чемпионат». Бұл біріншіліктің қатысушылары да белгілі-белгісіз, сондықтан жеңімпаз анықтала қоймайды, демек ешкім де марапатталмайды. Сонда да қатысушылар саны өте көп, қисапсыз. Осы миллиардтардың ішінде бұл да жүр.
26 Ақпан, 2025
«Странджа кубогі»: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады
24 ақпан күні Болгария астанасы Софияда «Странджа кубогі» басталды. Сайыстың екінші күні шаршы алаңға шығатын ел боксшыларының есімі белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
25 Ақпан, 2025
Көптен күткен қоныстой: Жұртшылық жаңа заңның игілігін көре бастады
Президент өткен жылы қол қойған тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң биыл 24 мамырда күшіне енеді. Алайда құжаттың жекешелендіруге қатысты нормалары былтырғы 4 желтоқсанда қолданысқа еніп, жұртшылық оның игілігін көре бастады.
25 Ақпан, 2025
Газ өңдеу зауытының игілігін қашан көреміз?
Каспий теңізінің біз жақ секторында көмірсутекті шикізат қоры табылған үш кеніш бар. Бұл – Қашаған, Қайраң және Ақтоты. Оның ішінде ең ірі кен орны – Қашағаннан «қара алтын» өндіру 9 жыл бұрын басталды. Бес елге ортақ айдын тереңіндегі мұнаймен бірге екі өнім ілесе шығады. Бірі – ілеспе газ, екіншісі – күкірт. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қашағандағы газ өңдейтін зауыт құрылысы мәселесіне арнайы тоқталды. Жобаға жауаптыларға құрылысты межеленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
25 Ақпан, 2025
Ойынханаға бір рет бас сұққан адамның құмар ойыннан бас тартуы тым қиын. Әлденеше жыл бұрын «Зенит», «Олимп», «Фортуна» секілді түрлі букмекерлік кеңселердің есігі келушілер үшін тарс жабылса да, құмарлықтың құрбанына айналғандар онлайн ойынға кірісіп кетті. Ғаламтор арқылы логин ашып, қалтасындағы барын шашып, тақырға отырса да, лудомандардың саны азаяр емес.
25 Ақпан, 2025
Адамзат жүрегінің алтын сағаты
Бұрындары Қасымның «Абдолла» дастаны деп аталатын. «Ақын өлімі туралы аңыз» деген сөз тақырыпша ретінде жақшаға алынатын. Кейіннен ғайыптан тайып Қ.Аманжоловтың осы поэмасының тақырыбы жоғалып, «Ақын өлімі туралы аңыз» деген жақшаға алынған түсінік тақырып болып шыға келді. Ақынның бұл шығармасына тоқталмаған әдебиетші, сыншы жоққа тән шығар. Сондықтан жаңалық ашайын деп отырғанымыз жоқ. Алайда Абдолла туралы айтпай кетуге бола ма?
25 Ақпан, 2025
Жыл басынан бері 1 070 адам қандас мәртебесін алды
1991 жылдан бері республикаға 1 млн 149 мыңнан астам этникалық қазақ оралған, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2025
Майқайыңдағы апатқа кінәлі шенеуніктер жазаланды
Баянауыл аудандық соты Павлодар облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бұрынғы қос қызметкеріне жаза тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2025
Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2025
Жатақхана. Шешімін таппаған түйткіл
Жоғары білім – әрбір жастың болашағына салынған инвестиция. Жыл сайын мыңдаған талапкер университетке қабылданып, білім алуға мүмкіндік алады. Алайда олар үшін ең өзекті мәселенің бірі – баспанамен қамтамасыз ету. Әсіресе басқа қаладан келген студенттерге жатақхана – жайлы орын ғана емес, олардың оқу үдерісіне толық араласуына маңызды фактор.
22 Ақпан, 2025
Роза РЫМБАЕВА: «Елден келді» деп ерекше құрметтеді
Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Роза Рымбаева алғаш рет Моңғолия еліне сапарлап қайтты. Алыстан ат арытып жеткен қадірлі қонағын ұшақтан түсе құшағын жая қарсы алған жұрттың ықыласы аптаға жуық жалғасты. Атажұрт пен алыстағы ағайынның арасын әнмен жалғап, алтын көпір болған Роза Қуанышқызы 4-8 ақпан аралығында Баян-Өлгей аймақтық музыкалық драма театрында үш концерт, Ұланбатырдағы 1300 орындық Орталық мәдениет сарайында үлкен концерт қойып, қандастарды бір серпілтті. Мәдениеті ұқсас, тіршілік-тұрмысы ортақ, қоян-қолтық араласып отырған елде мамыражай өмір сүріп жатқан қаракөз бауырлардың ортасында өткен ұмытылмас күндер туралы Роза Рымбаева мен осы сапардың басты ұйымдастырушысы, ақын, композитор Ясира Заханқызы редакциямызға арнайы келіп, айтып берді...
22 Ақпан, 2025
Сексен көлді омырауына сексен моншақ етіп таққан сулы, нулы өңірде ауызсу мәселесі әлі де түбегейлі шешімін таппай келеді. Өңірдегі 788 396 адам тұратын 604 елді мекеннің 393-і ауызсуды су құбыры арқылы пайдаланады. 193 елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылмаған суды қанағат тұтады.
22 Ақпан, 2025
Бұралқы иттер малға шауып жатыр
Ақтоғай ауданының тұрғындары тарапынан бұралқы иттердің малға шабуылдағаны туралы шағымдар жиілеп кетті. Аудан орталығында бір топ ит жұрттың қоражайларына кіріп, қозы-лақтарын тартып кетіп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, қараусыз жүрген жануарлар бұзау-тайыншаға дейін ауыз салатын көрінеді.
22 Ақпан, 2025
Каспийге құяр су азайып барады
Каспий теңізі Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін. Өйткені бұл табиғат байлығы бүгінде бұрын-соңды болмаған экологиялық проблемаға тап келіп отыр. Шұғыл әрі нәтижелі әрекет етпесек, теңіздің көлшікке айналу қаупі зор. «You. Sea. Problem» – Каспий теңізінің болашағы біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел жиынында отандық және шетелдік экология сарапшылары Каспийдің қазіргі жағдайын айтып, билікті шұғыл әрекет етуге шақырды.
22 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Дулат Исабековтің туыстарына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Ақпан, 2025
Белгілі жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті
Қазақтың белгілі жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 82 жастан асқан шағында дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2025
335 мың қазақстандық көлік салығын төлемеген
Еліміздегі жеке тұлғалардың жалпы берешегі 10,7 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2025
Перизат Қайратқа жаңа айып тағылды
Перизат Қайрат мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға алаяқтық жолмен ақша жинады деген күдікке ілікті. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
21 Ақпан, 2025