Аймақтар • 24 Ақпан, 2025

Майқайыңдағы апатқа кінәлі шенеуніктер жазаланды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баянауыл аудандық соты Павлодар облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бұрынғы қос қызметкеріне жаза тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz

Майқайыңдағы апатқа кінәлі шенеуніктер жазаланды

фото: sud.gov.kz

Олардың бірі департаменттің мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы, екіншісі бөлімнің бас маманы  болып қызмет еткен. Лауазым иелері 2016 жылы «Майқайыңалтын» кәсіпорнының жерасты шахтасын тексеру барысында жіберілген салғырттық үшін жауапты деп танылған.

Аталған уақытта шахта ішіндегі бетон қоспасын төсеу ережелерінің бұзылғаны анықталғанымен, тиісті шаралар қабылданбаған. Кейін олар бетонның шын мәнінде құйылғанын тексерместен қажетті құжаттарға қол қоя салған. Бұл немқұрайлылық 2024 жылы қайғылы оқиғаға алып келген.

«Сот мемлекеттік қадағалау бөлімінің бұрынғы басшысын ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ал бас маманның бас бостандығы 2 жылға шектелді. Сондай-ақ бөлім басшысы болған азамат мемлекеттік қызметте және қаржылық ұйымдарда еңбек ету құқығынан өмір бойына айрылды.  Екінші айыпталушыға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау және бақылау қызметіне байланысты лауазымдарды үш жыл бойына атқаруға тыйым салынды», деп хабарлады Баянауыл аудандық сотының судьясы Теңлік Қадырбекова.

Атап өтерлігі, қос азамат Майқайыңдағы апатқа дейін департаменттегі жұмыстан шығып кеткен.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15