
Сурет: zh-shugylasy.kz
– Осыдан он шақты күн бұрын көршімнің қорасына кіріп, төрт қозысын жайратып салған. Кеше біздің үйдің малына шабуылдап, бір қозымызды жеп кетті. Айдың-күннің аманында қаңғыбас иттерден қорлық көріп отырмыз. Ветеринарлық стансаның қызметкерлері көршімнің үйіне келіп, өлген малдан сынама алып кеткен екен, әзірге хабар жоқ. Балаларымыз мектептен қараңғыда қайтады. Енді солардың өміріне алаңдай бастадық. Жауапты органдар жануарларды аулап, көзін құртпаса, малымыз шығындала беретіні анық. Өлген малдың құнын бізге ешкім өтеп бермейді, – деп қынжылады ауыл тұрғыны Мәруа Конселхан.
Өңірлік ветеринария басқармасы ветеринария және лицензиялау бөлімінің басшысы Ғалым Бейсеновтің айтуынша, аудан басында тұратын азаматтардан әзірше ешқандай шағым түспеген.
– Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан ұсақ малдардың өліп жатқанын көрдік. Бірақ мал иелері бізбен байланысқа шықпады, деректерді нақтылай алмадық. Егер шағым түссе, малдардан сынама алынып, иттерде қандай да бір аурудың бар-жоқтығы тексеріледі. Алгоритмге сәйкес одан әрі қаңғыбас жануарларды аулау жүргізіледі. Өткен жылы қаңғыбас иттердің малға шабуылдағаны туралы деректер болды. Биыл әзірше ондай оқиғалар ресми түрде тіркелген жоқ, – дейді ол.
Павлодар облысы,
Ақтоғай ауданы