Редакция таңдауы
Эр-Риядта әлемді алаңдатқан келіссөз басталды
Бүгін Сауд Арабиясында АҚШ пен Ресей делегациясы Украинадағы қақтығысты тоқтатуға байланысты келіссөзге кіріседі. 2022 жылдың 24 ақпанындағы күрделі оқиғадан кейін дәл мұндай жоғары деңгейдегі талқылау болған емес. Алайда бұған Украина қатыспайды. Келіссөз қандай нәтиже бермек?
18 Ақпан, 2025
ЛЭД-экран нарығының көшбасшысы
Сәт сайын мың түрлі бояуымен қырық құбылып тұратын экрандағы жарнамалар Алматының бір бөлшегіне айналып кеткенін аңғару қиын емес. Жарнама индустриясының әміршісіне айналған жарықдиодты экрандар статикалық суреттен барлық параметр бойынша айла асырады: Әу баста «лэд экран» деп аталатын тосындау атауына да қазір құлағымыз үйреніп кетті. Кейіпкеріміз Қайрат Жастарбекұлы Алматыдағы лэд-экран индустриясының 40 пайызын игеріп отыр. Алматы нарығымен шектелмей, Қырғызстан астанасы Бішкектен де «Aray-LED» компаниясының филиалын ашқан.
18 Ақпан, 2025
ҚҚС тұрғын үй саласына қалай әсер етеді?
Қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесінің көтерілуі көпшілікті толғандырып отыр. Бұл өз кезегінде тұрғын үй саласына, соның ішінде тұрғын үй бағасына қалай әсер етер екен деген алаңдаушылық та жоқ емес. Үкімет мүшелерінің мәліметіне сенсек, мәселе салықтың сараланған жүйесі арқылы шешілмек.
18 Ақпан, 2025
Ғалымның мақаласы емес, жаңалығы қымбат
«Scopus», «Web of Science» дерекқорларында индекстелген журналдар ғылымға қандай пайда әкеледі? Жаңалығы жоқ мақала жазу формализм емес пе? Аталған ғылыми журналдарға мақала жариялауды докторанттарға міндеттеп, ол болмаса қорғауға жібермегеннен кім ұтады? Осындай сұрақтар көпшіліктің көкейінде жүргені анық.
18 Ақпан, 2025
Қазақстанның білім сапасы халықаралық аккредиттациядан өтті
Қазақстан Орта Азиядағы аккредиттацияланған жалғыз ел атанып, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін бағалаудың ұлттық құралы RCEC халықаралық сапа белгісін алды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Ақпан, 2025
Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
17 Ақпан, 2025
Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz.
17 Ақпан, 2025
Трамп пен Путин Сауд Арабиясында кездесетін болды
АҚШ пен Ресей басшылары ақпан айының соңына дейін Сауд Арабиясында кездесуі мүмкін. Күн тәртібіндегі басты мәселе – Украинадағы соғыс. Бұл туралы Американың жетекші агенттігінің бірі Bloomberg хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
17 Ақпан, 2025
Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс болды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Президент әкімшілігінің екі бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
17 Ақпан, 2025
Ерұлан Жамаубаев Ұлттық Банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
17 Ақпан, 2025
1996 жылы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз қарсаңында Мұхтар Мағауин «Ал Ораз, «Жұлдызға» жұмысқа қабылдандың» деп, менің өтінішіме қол қойды. 90-жылдардың соңы. Алматының қоңыр күзі. Бірде бас редакторымыз Мұхаң кабинетіме кірді. «Ораз, сенің еліңде қырғыз шекарасында Сантас атты асу бар. Есім хан жоңғарларды тас-талқан етіп, жеңіс туын көтерген. Сол тарихи орынды көруім керек» деді. Көп өтпей жолға шықтық. Кегенге тарттық. Райымбек батырдың қалмақтармен соғысатын Көкпекті жазығынан өткен соң кішкене төбеге шығып, жайғастық. Мұхаң жеңгеміз қоржынға салған қазы-қарта, жал-жаяны шығарды.
15 Ақпан, 2025
Ұстаз бен шәкірт арасында бір тылсым байланыс болуы керек. Әскери салада бұл оңай емес. Саланың кәсіби шебері, өмірін осы бағытқа арнаған бірден-бір тұлға қазақтың алғашқы генералдарының бірі Шәкір Жексенбаев еді.
15 Ақпан, 2025
Екінші нан есебіндегі картоп бағасының көтерілуі сулы-нулы, топырағы құнарлы біздің өңірді де айналып өткен жоқ. Осы тақырыпты талдап, себебін түсіндірмек болған сарапшылардың пайымына қарағанда, алдымен алып-сатарлар кінәлі.
15 Ақпан, 2025
Қажы сапарынан келе жатқан павлодарлық азамат жетісулық дәрігердің арқасында аман қалды. Ақ желеңді абзал жан әуе кемесіндегі жолаушының өмірі үшін төрт сағатқа жуық күресіп, Алматыға есен-сау жеткізген.
15 Ақпан, 2025
Заманауи технология және жастар
EXPO көрме алаңында өткен «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі 5 күнге жалғасып, болашақ маман мен жұмыс беруші және кәсіптік-техникалық ұйымдар арасында дәнекер болды. Алаңда «ERG» компаниясына тиесілі стенд бар. Оған келген мыңдаған адам тау-кен жұмысы мен табиғатын танып білді.
15 Ақпан, 2025
Қызыл су ойдағы жұртты ойлантады
Көктемгі су тасқынына әзірлік барысы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сөз болды.
15 Ақпан, 2025
Экономиканы тұрақтандыру тетіктері
Қосылған құн салығының (ҚҚС) реформасы талқыланып, оның мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру ұсынылды. Үкімет мұны майшаммен қарап, кейбір салаларға 10%-дық мөлшерлеме енгізуді, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді салықтан босатпақ. Бизнес қауымдастық өкілдері ҚҚС өсімінің салдарын, бюджет шығыстарын оңтайландыру қажеттігін әрі салық жүйесінің инвестициялық тартымдылығын ескеруді сұрап отыр. Үкімет бюджет кірістерін ұлғайту арқылы Ұлттық қорға тәуелділікті азайтып, экономиканы тұрақтандыруға бағытталған шараларды қолға алып жатыр.
15 Ақпан, 2025
Алматыдағы Республикалық Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы остеосаркома – балалар арасындағы сирек кездесетін сүйектің қатерлі ісігі кезіндегі ірі буындарды ауыстыру операцияларын 2012 жылдан бері жасап келеді.
15 Ақпан, 2025
Салық жүктемесі әділ бөлінуге тиіс
Үкімет басшысы Олжас Бектенов сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселесін талқылады.
15 Ақпан, 2025
Премьер-Министрдің орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2025