Әлем • 17 Ақпан, 2025

Трамп пен Путин Сауд Арабиясында кездесетін болды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ пен Ресей басшылары ақпан айының соңына дейін Сауд Арабиясында кездесуі мүмкін. Күн тәртібіндегі басты мәселе – Украинадағы соғыс. Бұл туралы Американың жетекші агенттігінің бірі Bloomberg хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Трамп пен Путин Сауд Арабиясында кездесетін болды

Фото: ашық дереккөз

Әзірге Ақ үй мен Кремльдің өкілдері Bloomberg-тің ақпаратына байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Әйткенмен АҚШ конгресі өкілдер палатасының мүшесі Майкл Маккол алдағы аптада америкалық делегация Сауд Арабиясына ресейлік және украиналық ресми тұлғалардың қатысуымен келіссөз өткізуге, оған қоса Трамп пен Путиннің кездесуін дайындау шаруасымен баратынын растады.