Редакция таңдауы
13 маусымға арналған ауа райы болжамы
13 маусым күні Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал елдің қалған бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жауын болжанады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, елдің батысында бұршақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Маусым, 2021
Түркістан облысында жоғалған туристер: Тағы бір мәйіт табылды
Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің мәйіті Сайрам-Өгем шатқалынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Маусым, 2021
Экс-министрдің ағасы 10 жылға сотталды
Тараз қалалық соты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасы – Жамбыл облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының экс-басшысы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Маусым, 2021
Ауыл шаруашылығы министрі картоптың қымбаттауына халықты кінәлады
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда картоптың қымбаттауына қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Маусым, 2021
Еліміздегі полицейлер жұмыста кроссовкамен жүреді
Жыл соңына қарай Қазақстандағы патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар жаңа формаға ауысады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Маусым, 2021
Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?
Шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Биыл астана күні сейсенбіге түсетіндіктен, жұмыс күнін 5 шілдеден 3 шілдеге ауыстыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Маусым, 2021
2024 жылға дейін ақылы жолдардың санын 11 мың шақырымға жеткізу жоспарда бар. Соның ішінде биыл I санаттағы жолдардың бес учаскесінде жол ақылы болады. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ төлем алынатынына сай жолдар тегіс, қауіпсіздігі жоғары болады деп сендіріп отыр.
11 Маусым, 2021
Әуелі өз шаруаларымызды жарылқап алайық...
Түркістан облысының ерте көктемнен бастап тыным таппай еңбектеніп жүрген диқандары егіндеріне ағын су бармай, еңбектерінің еш кеткеніне өкініп, зарын кімге айтарын білмей жүр. Үлкен үміт артып, полиэтилен жапқыштың астына еккен өнімдері қурап, шыққан шығынын қалай қайтарарын білмей отырған егіншілердің жағдайы қиын. Мұндай келеңсіздік жылда қайталанатындығы да белгілі. Шаруалар «ҚазСуШар» мекемесінен жанашырлық күтіп, жалынышты күй кешіп келеді.
11 Маусым, 2021
Қымбатшылық пен қуаңшылық мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты баяндап, журналистердің сауалына қарай көпшілікті толғандырған өзекті мәселелердің қалай шешіліп жатқанын айтып берді.
11 Маусым, 2021
Өңірде күріштің егіс алқаптары азайтылады
Қызылордада күріштің егіс алқаптары азайтылады. Себебі Сырдың суын үнемдеу керек. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде берген есебінде айтты.
11 Маусым, 2021
Екібастұзды дамытудың стратегиясында қандай кедергілер бар?
Биылғы қаңтар айында өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моноқалаларды дамытудың орта мерзімді стратегиясын әзірлеу қажет екенін айтып, «Екібастұзда энергетика мен өнеркәсіп саласында білікті техникалық мамандар көп.
11 Маусым, 2021
Кәсіпкерлер тендерден неге қағылады?
Мемлекет халық үніне құлақ аса ма? Шығыс Қазақстанда шырылдаған кәсіпкерлер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан тағы көмек сұрады.
11 Маусым, 2021
Аралас мектептер көбейіп барады
Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық бала 2 047 аралас тілді мектепте білім алып жатыр.
10 Маусым, 2021
Қорғаста контейнерлік тасымалға арналған трекинг жасау қажет – Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қорғас бекетінде контейнерлердің толассыз қозғалысын қамтамасыз ететін трекинг орнатуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz
10 Маусым, 2021
Еңбек министрі ана мен балаға бөлінетін 750 млрд теңге туралы айтты
2021 жылы ана мен баланы қолдауға 750 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2021
Депутаттар Торғай даласына зымыран қалдығын құлатуға тағы да рұқсат берді
«Байқоңыр» кешенінен «Союз-2» типіндегі жаңа ғарыш кемесі ұшырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2021
Азық-түліктің қымбаттауы рекордтық көрсеткішке жетті
Әлем бойынша азық-түліктің қымбаттауы соңғы 10 жылдың рекордтық көрсеткішіне жетті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2021
ҚР Жоғарғы сот судьясы сайланды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2021
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжауынша, бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындар салдарынан ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
10 Маусым, 2021
Жария-құқықтық даулар ісіне маманданған судьялар әкімшіліктік әділет орната алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында жария-құқықтық дауларда билік пен қарапайым азаматтар тең болмайтынын, осы олқылықты заңдық тұрғыда реттеу керектігін айтып, тапсырма жүктеген болатын.
10 Маусым, 2021