Ауа райы • 18 Тамыз, 2021

Сәрсенбіде күн райы қандай болады?

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәрсенбіде күн райы қандай болады?

Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғысынша антициклон әсерінен күн ашық болады, тек республиканың оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс таулы аудандарында ауа ағындарының өтуімен найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шығыста және оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Ал солтүстік-шығыста және орталықта түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді, түнде батыста, оңтүстік-батыста тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ, түнде таулы аудандарында тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстік, шығыс облыстарында күндіз найзағай жарқыылдайды, түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысында шаңды дауыл, солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз таулы аудандарында найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында өте қатты ыстық сақталады, Ақтөбе облысында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Алматы облысының шығыс және батысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше