Ауа райы • 17 Тамыз, 2021

Бүгінгі күн райының қандай болатыны айтылды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 17 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі күн райының қандай болатыны айтылды

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-шығыста бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай жарқылдайды, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысының батысы, оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде найзағай, бұршақ, кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Түркістан облысы, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше