Оқи отырыңыз
Апеннин түбегінде асығымыз алшысынан түсе ме?
Биылғы ең басты спорттық жарыс – 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпия ойындары. Байрақты бәсеке барысында спорттың 8 түрінен (16 қашықтық) 116 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Қатысушылар қатарында еліміздің спортшылары да бар. Осы дүбірлі дода қарсаңында Ақ Олимпиаданың тарихына қысқаша шолу жасауды жөн көрдік.
23 Қаңтар, 2026
Қамқорлық қағидасы немесе ізгі дәстүрді жалғастырғандар
Қазақта әуелден бір жақсы қасиет бар. Ол – өзінде аз болса да, басқаларға көмектескісі келіп тұратыны. Бұған қатысты көп мысалды Алаш тұлғалары шығарған «Қазақ» газетінен байқауға болады. Әсіресе оқуға деген талабы күшті, алайда тұрмысы төмен шәкірттерді қолдауда газеттің қосқан үлесі зор болды. Газет бетінен «Мұқтаж шәкірттерге жәрдем» деген арнаулы айдар ашып, әр жерде білім алып жатқан қазақ шәкірттеріне ел ішінен қаражат жинады. Осылайша, бір баланың болса да оқуын ойдағыдай аяқтауына қолғабыс жасады.
23 Қаңтар, 2026
Нұрлан Жұманиязов: Сахна адамның ішкі шындығын ашады
Үнсіздігімен ойландырып, сабырымен сендіретін, сахнада айқайсыз-ақ биік өнер тудыратын режиссерлер санаулы. Оның қолтаңбасы жалған ұраннан емес, ішкі дірілден, көзге көрінбейтін, бірақ жүрекке жететін терең тыныстан танылады. Сахна артындағы жалғыздық, шығармашылық мехнат, адам жанына деген іңкәрлік пен ішкі еркіндік оның болмысын айқын бейнелейді. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязовтың жансарайына үңілгенде осындай ой түйдік.
23 Қаңтар, 2026
Өткен қыс Ұлытау өңірі мен қазақ даласына оңай соққан жоқ. Қытымыр табиғаттың қысымынан, әсіресе түз еркесі – киіктер қатты зардап шекті. Ресми деректерге сүйенсек, көктемге дейін Жезқазған өңірінен – 5 741, Қаражал аумағынан 10 386 киік өлексесі табылған.
23 Қаңтар, 2026
Анығында ән мен күйдің жортуылын ешкім болжап біле алмайды. Көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын құбылыстардың ара салмағын байыптау қиынырақ. Олардың да жортуылы кәдімгідей патшалардың жорығындай, жердің бетінде, бірақ жорық алаңы көңілдің қиырында, жанның ұйығында, сана мен сезімнің қатпарында жүзеді де жүреді. Бұлардың да жаратушысы, қолбасшысы және бар. Мекен-тұрағы – халықтың жүрегі. Тыңдап отырғанда алған әсер, жанған сезім, тербеген ойдың одан кейін өмірлік шешімдер алдында ықпалдасары тағы сөзсіз.
23 Қаңтар, 2026
Кейбір суретке көз салып, көңіл қойғанда бояуды емес, болмысты, уақытты көресің. «Forte Kulanshi Artspace» галереясындағы белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сембіғали Смағұловтың көрмесі көңіл түкпірінде дәл сондай әсер қалдырды. Бұл – қабырғаға ілінген картиналар жиынтығы емес, жады мен жаратылыстың, тарих пен бүгіннің арасындағы үнсіз әңгіме.
23 Қаңтар, 2026
Қытайдың Юньнань провинциясындағы шалғай ауылда тұратын Ван Фуман есімді оқушы «қорытынды емтиханға қалайда үлгеремін» деп аязды күні 5 шақырым жолды жаяу жүріп өткен. Мектепке келгенде оның шашы мен қасы мұз болып қатып, ал беті суықтан қып-қызыл болып кетіпті. Мұғалімі оның осы сәтін суретке түсіріп, желіге жүктеп жібереді. Айтпақшы, қайсар оқушы сол емтиханда 100 балдың 99-ын жинаған.
23 Қаңтар, 2026
Отандық топ-менеджер Кремний алқабында 500 млн долларлық келісім жасады.
23 Қаңтар, 2026
Бөліп төлеу «батпан құйрық» емес...
Қазір кейбіреулер бір тауарды аларда оның толық бағасын емес, ай сайын қанша төлейтінін есептейді. Бөліп төлеуге жүгінеді. Қалтадағы қаражаттан гөрі алдағы жалақыға сену үйреншікті іске айналды. Бір қарағанда ыңғайлы көрінетін бұл үрдіс нарықтағы бағаға, адамдардың мінезіне, мемлекеттік реттеуге әсер етіп отыр.
23 Қаңтар, 2026
Қытайда әзірленген қауіпсіздікті бақылауға арналған «Are You Dead» (Sileme) мобильді қосымшасы күтпеген жерден кең таралып, «App Store»-дегі ақылы қосымшалар рейтингінің көшін бастады.
23 Қаңтар, 2026
«Samsung» компаниясы дауыспен басқарылатын ақылды тоңазытқышты жасап шығарды. Құрылғы «Gemini» жасанды интеллекті негізінде жұмыс істейді.
23 Қаңтар, 2026
Балаларға ана тілін тегін үйретеді
Астаналық мұғалім Еуропа елдерінде тұратын қазақ балаларына ана тілінен тегін сабақ беріп жүр. Білім алушылардың жас шамасы әртүрлі. Соған қарамастан, ол бір пәнде тақырыпты жан-жақты қамтып, оқушыларды бірден елітіп әкететіндей қызықты етіп өткізеді. Педагог бұл ісін – ұстаздық парызым деп біледі.
23 Қаңтар, 2026
Карта не шот жабылып қалса, бұл «ақшаңыздан айырылдыңыз» деген сөз емес. Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінен (ҚНДРА) «Мұндайда не істеуге болады?» деп сұраған едік.
23 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында 22 жасөспірім ауруханаға түсті: Лагерьде санитарлық тексеріс басталды
Жамбыл облысында «Тұран» демалыс аймағынан 22 жасөспірім Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына жатқызылды. Балаларға алдын ала себебі анықталмаған гастроэнтерит диагнозы қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2026
Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды
ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне пойызбен тегін қатынау құқығын іске асыруға арналған кешенді іс-шара өтті. Жиын барысында жеке құрамға жаңа әлеуметтік бастаманың мазмұны түсіндіріліп, оны өңірлерде тиімді жүзеге асыру тетіктері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2026
«Семей орманы» резерватында сирек кездесетін сілеусін көзге түсті
«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері қорғалатын аумақта мекендейтін сирек кездесетін сілеусінді бейнежазбаға түсіріп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2026
Жағдайы күрт нашарлаған: Қаскелеңде 9-сынып оқушысы сабақ кезінде қайтыс болды
Қайғылы оқиға Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сәтбаев атындағы орта мектепте болды. Сабақ кезінде 15 жастағы 9-сынып оқушысы көз жұмды. Оқушының жағдайы бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде кенеттен нашарлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2026
Қазір әлемде дүрбелең көп. Қақтығыстар туралы ақпараттарды жиі оқимыз. Алайда әлемде ешқашан соғыс болмаған елдер де бар.
22 Қаңтар, 2026
Борандатып, бұрқасындатты. Артынша сақылдаған сары аяз қысты. Шығыстың шытырлаған аязында термометр бағанасы қырықтан асып жығылды. Сонда ғой, елдің көбі Шанағатының апталап тұратын аязы қаншаға барды екен деп елеңдесті.
22 Қаңтар, 2026
Үміт артқандар үшінші кезеңге шықты
«Үлкен дулыға» санатына жататын жарыстардың бірі – Аустралияның ашық біріншілігінің екінші кезеңі де еліміздің теннисшілері үшін сәтті басталды.
22 Қаңтар, 2026