Оқи отырыңыз
Көркем гимнастика: Қазақ қызы Азия чемпионатында топ жарды
Көркем гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан құрлық додасында лентамен жаттығу бойынша Қазақстан спортшысы 32.90 көрсеткішімен жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.
04 Мамыр, 2024
Елдегі жолдардың сапасын бақылауға арналған сервис пайда болды
Енді ел азаматтары республикалық жолдардың жағдайын онлайн бақылай алады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ осындай мүмкіндік беретін kaztoll.kz ақпараттық сервисін іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
04 Мамыр, 2024
Азия чемпионаты: Қазақстанның 15 боксшысы финалда шайқасады
Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалистері анықталды. Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын жастар командасынан алты боксшы үздік атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Мамыр, 2024
Визасыз қажылық жасау күнә ма?
Сауд Арабиясы корольдігінің қажылықты қажылық визасы бар азаматтар ғана жасай алатыны туралы 2024 жылғы 24 сәуірдегі мәлімдемесіне орай, ҚМДБ үлкен қажылық сапарын тек рұқсаты бар туроператорлар мен турагенттердің көмегімен жасауға болатынын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Мамыр, 2024
Жел күшейіп, бұрқасын соғады: бүгінгі ауа райы болжамы
Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
04 Мамыр, 2024
Қостанай облысында аударылған ұшақта жүрек талмасына ұшыраған науқас болған
Кеше Қостанай облысында су бетіне апатты жағдайда қонып, аударылып кеткен Ан-2 ұшағының бортында жүрек талмасына ұшыраған науқас болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Мамыр, 2024
Үкімет басшысының отандық өндірісті қолдау тапсырмасы аясында Шымкентке вице-премьер Серік Жұманғарин іссапармен барды. Сапар барысында жұмыс істеп жатқан ірі өндіріс ошақтарын аралап, агроөнеркәсіп кешендерінің жұмысымен танысып, құрылыс нысандарының басында болды.
04 Мамыр, 2024
Қос аудан Марқакөлге көмек берді
Биылғы қыс Марқакөл өңірі үшін оңайға соқпады. Көктем лебі енді-енді ғана сезілген Төсқайың ауылдық округіне жуықта Зайсан мен Тарбағатай аудандарының әкімдері бастаған делегация көмек апарып, ауыл-аймақтың ахуалын көріп қайтты.
04 Мамыр, 2024
Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды. Апта бойына мегаполисте көптеген тазалық іс-шаралары қолға алынды.
04 Мамыр, 2024
Орманды қорғауды әр сәт ойлаған жөн
Былтыр маусымда Абай облысы аумағында болған өрт 63 мың гектар жерді шарпыды. Бұл еліміздегі орасан зиян келтірген төтенше жағдайдың бірі деуге болады. Сан соқтырып, ескерусіз қалған тұстар есімізді екеу, түсімізді төртеу қылып әуре-сарсаңға салғаны түсінікті. Ал биылғы қауіпті кезеңнің құлағы қылтиып келе жатқанын ескерсек, жаттығуымыздың жинақы, өрт сөндіру қондырғыларының сақадай сай тұрғанын тілейсің.
04 Мамыр, 2024
Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ғарыштық зерттеулер бағытындағы халықаралық сайыста жүлде алды. Жас өнертапқыштар жасаған «Атлас» аппаратына қазылар алқасы ерекше қызығыпты.
04 Мамыр, 2024
Атыраудағы Махамбет ауданына 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді
Атырау облысындағы Махамбет ауданына азық-түлік, өзге заттар бар 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
03 Мамыр, 2024
Махамбет ауданында 6 мыңнан астам оқушы сабақты қашықтан оқып жүр
Атырау облысының Махамбет ауданында 6 мыңнан астам оқушы сабақты онлайн оқуға жіберілді, деп жазады Egemen.kz.
03 Мамыр, 2024
Париж Олимпиадасы: Эльжана Таниева жолдамаға ие болды
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкент төрінде өтіп жатқан Азия чемпионатында үздік атанып, Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
03 Мамыр, 2024
Қырғызстанда 29 баланы қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды
Қырғыз Республикасының Созақ ауданында 29 баланы қағып кеткен шағын жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
03 Мамыр, 2024
Дәулет Мұқаев тазалық шарасын сенбі емес, бейсенбі күні өткізуді ұсынды
2 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Мұқаев тазалық жұмыстарын сенбі емес, тұрақты түрде бейсенбі күні өткізуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
03 Мамыр, 2024
Құрылысқа да, тұрмысқа да қажет өнім
Астананың түбіндегі, аумағы атшаптырым жерді алып жатқан «Polytech Astana» ЖШС зауытына редакция тапсырмасымен арнайы барып қайттық. Өндіріс пен тұрғын үй құрылысына қажетті құбырлар шығарумен айналысатын бұл компания 2004 жылы ашылған.
03 Мамыр, 2024
«Аралдан» қайықпен қатынап жүр
Мамырдың алғашқы күнінде Петропавл маңындағы Есілдің суы 8 см-ге төмендеді. Бірақ су әлі қауіпті деңгейде. Қауіпті биіктік 960 см болса, қазіргі биіктігі 1 мамырда әлі 1 249 см-де болды. Айта кетерлігі, Петропавлдың су қоймасындағы биіктік осы уақытта 10 см түсіп, су деңгейі 1 120 см дейін тартылды. Ал Сергеев су қоймасындағы су деңгейі – 949 см.
03 Мамыр, 2024
Тасқыннан кейін құрылыс артады
Батыс Қазақстан облысының алты ауданын әбігерге салған биылғы су тасқынынан 1 311 тұрғын үй зардап шеккен еді. Қазір өңірде жаппай құрылыс басталды. Басты мақсат жаңа оқу жылына дейін тұрғындар жаңа баспанаға кіруге тиіс.
03 Мамыр, 2024
Еріктілер қозғалысына жаңа тұжырым қажет
Павлодарда Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық XXVIIІ сессиясы өтті. Жиында Мемлекет басшысының қатысумен өткен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясындағы жаңа мақсат-міндеттерді орындау талқыланды.
03 Мамыр, 2024