Оқи отырыңыз
Низамхан СУЛАЙМАНОВ, Қазақстанның құрметті құрылысшысы: Мектеп, балабақша салу – сауапты іс
Низамхан Сулаймановтың жүрісі ширақ. Ойы орнықты. Сөзі салмақты. Арман-мақсаты көп. Болашаққа сенімді. Зейнеткерлікке шыққанына он жылдан асса да, жайбарақат жүргенді жаны жек көреді. Күні бойы бітпейтін қым-қуыт тірліктен әдетте адам баласы шаршап-шалдығатын болса, бұл кісі керісінше күш-қуат алады. Жалындап тұрған жастық шағында осылай еді, сол қалпынан әлі күнге айныған емес. Бұл – ата-анасының тәрбиесі. Қол қусырып қарап отыра алмайды. Низамхан Сулайманұлы демалыс дегенді білмейді. Тіпті қай жылы еңбек демалысына шыққанын да дөп басып айта алмайды. Ол кісіге жұмыс – нағыз демалыс.
22 Мамыр, 2024
Көшпелілер тарихын толғаған жапон қолтаңбасы
Әлем бойынша аталып өтетін Халықаралық музейлер күні аясында музей кеңістігіндегі мәдени мұраны насихаттау және кең аудитория қалыптастыруды мұрат тұтатын Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі дәстүрлі мереке ажарын жапон өнерімен айшықтады. Музей қызметкерлері өнер сүйер қауымның назарына «Жапон өнері. XVII-XXI ғасырлар» атты көрме мен осы аттас каталогтің тұсаукесер рәсімін ұсынды.
21 Мамыр, 2024
Қазақстандағы ең басты үш музейге ұлттық мәртебе беріледі
Еліміздегі ең маңызды үш музейге ұлттық мәртебе беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімі барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2024
Президент өкімімен Сырымбет Қаскеев жаңа қызметке тағайындалды
Сырымбет Ерденұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2024
Олжас Бектенов Президентке су тасқынының салдарын жою туралы есеп берді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Президентке су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатқанын баяндады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2024
Келер жылы ҰБТ-ның жаңа форматы енгізіледі
Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылы өтетін ҰБТ форматында өзгеріс енгізілетінін хабарлады. Келер жылы тест тапсырудың жаңа форматы пилоттық жоба ретінде іске қосылады, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігінде болып, тікұшақ апаты салдарынан Президент Ибрагим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің қайтыс болуына байланысты Иран халқына көңіл айтып, қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2024
Су тасқыны болған аймақтың оқушыларына жазғы мектеп ұйымдастырылады
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев биылғы оқу жылын қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.
21 Мамыр, 2024
Иран президент сайлауын өткізетін күнді белгіледі
Иран үкіметі елдегі 14-ші президенттік сайлауды 28 маусымда өткізу туралы шешім қабылдады. IRNA ресми ақпарат агенттігі Иранның Конституциялық кеңесі мен Ішкі істер министрлігі осындай хабарлама жасағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
21 Мамыр, 2024
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіндегі қор жинақтарының ерекшелігін бүгінде Мейрамғали Есмұқановтан артық білетін адам жоқ десе болады. Мекеменің бас қор сақтаушысы қызметін атқаратын маман мыңдаған жәдігердің әрбіреуін өз қолымен қаттап, тиісті жағдайда сақталуын тұрақты қадағалап отырады.
21 Мамыр, 2024
Қымбат тариф кәсіпкерлікке кедергі: Ақтөбеде жарық тапшылығы жоқ, бірақ баға аспандап тұр
Облыстық кәсіпкерлер палатасында электр энергиясына тарифтің көтерілуіне байланысты туындаған шағымдар қаралды. Өткен жылдың соңында энергиямен жабдықтау саласындағы делдалдар қызметіне шектеу қою мақсатында Энергетика министрлігінің жанынан қуат таратушы бірыңғай оператор құрылды. Соның нәтижесінде биыл сәуірден бастап еліміздегі электр энергиясын тарату жүйесінің 18%-ын иеленген «реттелмеген» компаниялар нарықтан кетті.
21 Мамыр, 2024
Шетте ұлт абыройын асқақтатқан қайраткер
Шымкент қаласы әкімдігі мен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үшінші мегаполисте қазақтың біртуар азаматы, Ресейдің Кемерево өңірін ширек ғасырға жуық басқарған мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Төлеевтің 80 жылдығына арналған «Жеке тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
21 Мамыр, 2024
1897 жылы Ресей империясы тұңғыш халық санағын өткізді. Осы санақ қорытындысы бойынша қырғыздар – 200 мың, тәжіктер – 350 мың, түрікпендер – 280 мың, өзбектер – 726 мың, сарттар – 968 мың, қарақалпақтар – 104 мың, қазақтар 4 млн 84 мың адам деп көрсетілді. Осында көрсетілген Орталық Азия халықтары, яғни біздің көршілеріміз, арадан 120 жыл өткенде өз табиғи өсімімен, бүгіндері, бірі 26 есе, бірі 28 есе, бірі 30 есе көбейіпті.
21 Мамыр, 2024
Биылғы алапат су тасқыны елді біраз әбігерге салды. Ендігі міндет – алдағы уақытта осындай төтенше жағдайды болдырмау үшін су тасқынының алдын алуда орталық және жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан жол берілген елеулі кемшіліктерді талдап-талқылап, тағылым алу.
21 Мамыр, 2024
Ел болашағы – білімде. Өзбекстан да осы қағиданы ұстанады. Бұл елде кейінгі он жыл ішінде білім саласында ауқымды реформа жүргізілді. Осы ретте алдағы уақытта Қазақстан жоғары оқу орындары көрші елдің университеттерімен Орталық Азиядағы көшбасшылық үшін бәсекеге түсуі мүмкін деген болжам бар.
21 Мамыр, 2024
Сталиндік қуғын-сүргіннің шет-шегі қаншалықты кең болса, зардабы да соншалықты ауыр тигені тарихтан белгілі. Адамды саяси көзқарасы, қоғамдық әрекеті, ашық пікірі үшін ғана емес, қылмыс деуге тұрмайтын болмашы экономикалық істері үшін де ұзақ жылға түрмеге жауып, тіпті ату жазасына да кескен. Қылмыс емес, халыққа пайда жасап, көмекке келгендердің іс-әрекеттерін қайдағы бір заңдарды алға тартып, қылмысқа теліп, ауыр қысым санатына жатқызған.
21 Мамыр, 2024
Еліміздің оқушылары кейінгі кезде халықаралық додаларда дараланып, елге жиі олжалы оралып жүр. Бұл басқа да балалардың қызығушылығын оятып, білім бәйгелеріне қатысуға шабыттандыратыны сөзсіз.
21 Мамыр, 2024
Қазақ халқының Мақтымқұлыға құрметі
Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 2024 жылды түркі әлемінің ұлы ақыны, ойшыл Мақтымқұлы Пырағы жылы деп жариялады. Ақынның мерейтойы 2024-2025 жылдары ЮНЕСКО-мен бірге атап өтілетін атаулы күндер тізіміне енді. Мерейтой аясында Түрікменстанда ойшыл Мақтымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай халықаралық конференция ұйымдастырылды.
21 Мамыр, 2024
Иран президентінің қайғылы қазасы
Жексенбі күні Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси елдің Шығыс Әзербайжан провинциясының таулы-орманды аумағында тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл жөнінде ирандық IRNA ақпарат агенттігі жария етті. Ал ресми Тегеран президент қазасын растаған мәлімдемені іздестіру жұмыстары толық аяқталған соң ғана жасады. Көп ұзамай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдап, осы елдің жоғары лидері Әли Хаменеи мен бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге және барша иран халқына көңіл айтты.
21 Мамыр, 2024