Қоғам • 21 Мамыр, 2024

Қазақ халқының Мақтымқұлыға құрметі

39 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 2024 жылды түркі әлемінің ұлы ақыны, ойшыл Мақтымқұлы Пырағы жылы деп жариялады. Ақынның мерейтойы 2024-2025 жылдары ЮНЕСКО-мен бірге атап өтілетін атаулы күндер тізіміне енді. Мерейтой аясында Түрікменстанда ойшыл­ Мақтымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Қазақ халқының Мақтымқұлыға құрметі

Конференцияға 20 елдің мәдениет министрлерімен бірге Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да қатысты. Аида Балаева құттықтау сөзінде күллі шығыс әлемінің өскелең ұрпағы мен жас­тар үшін ақын шығармаларының рөлі маңызды екенін атап өтті.

«Бүгін біз қарым-қатынасымыздың қарқынды дамып келе жатқанын және мәдени-гуманитарлық салада өзара тыңғылықты жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Мұның бәрі екі ел көшбасшыларының күш-жігері мен сенімді, достық байланыстарының арқасында екені сөзсіз. Мақтымқұлы Пырағының мол мұрасы халық үшін аса маңызды. Достық символы, қазақ халқының ақынға және оның бүкіл бауырлас түрікмен халқына деген құрметінің белгісі ретінде ел астанасында ұлы ойшылға ескерткіш орнату үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр», деген министр Мақтымқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлықты тағайындауды ұсынды.

Аида Балаева әріптестерін тау тұлғалардың шығармашылығын жүйелі түрде насихаттап, олардың шығармашылығы арқылы әлемдік мәдени кеңістікке шығуға шақырды. Айта кетейік, Ашхабадта түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды.

Ақын мүсіні Ашхабаттың оңтүстігіндегі қыратта 60 метрлік монументалды ескерткіш түрінде тұр­ғы­зылған. Алып нысанның етегіндегі жаңа мәдени саябақ кешенінде әлемдік деңгейдегі 24 тұлғаның ескерткіші орналасқан. Бұл – рухани бірлік рәмізі.