Оқи отырыңыз
«Бағасы – 1 миллион доллар». Бір маусымда бірнеше автокөлік ұтқан әйгілі тұлпар сатылмақ
Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Жалғызағаш ауылындағы атсейіс, әйгілі тұлпар Жұмыртұяқтың иесі жүйрігі сатылатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2024
Елімізде запастағы офицерлер қызметке шақырылады
Қазақстан Үкіметі 752 запастағы офицерді әскери қызметке тарту туралы қаулы қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2024
«Қаңтар оқиғасында ұрланған». Алматыда қару арсеналы табылды
2024 жылдың 24 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 Қаңтар, 2024
ЕАЭО-да «сұр» сертификаттармен бірлескен күрес
ЕЭК Кеңесінің жаңа жылдағы бірінші отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған отандық делегация еліміз үшін бірқатар маңызды мәселені көтерді.
30 Қаңтар, 2024
«Air Astana»-ны IPO-ға шығару талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Air Astana» әуе компаниясын IPO-ға шығару мәселелері талқыланды.
30 Қаңтар, 2024
Бүгінде әлем де, қоғам да сәт сайын жаңарып жатыр. Жылдар бойы қалыптасқан, мызғымастай көрінген геосаяси, геоэкономикалық қағидалар қайта қаралып жатыр. Халықаралық қатынастар түбірімен өзгерді. Блоктік сана қайта жаңғырып, тұрақсыздық шекарасы кеңейіп барады. Жер-жердегі қақтығыс, соғыс әлемді алаңдатып тұр.
30 Қаңтар, 2024
Әлеуетті арттыратын бағдарлама
Ауыл тұрғындары бүгінде тұрмыс-тіршілікке қажеттіні іздеп алысқа бармайтын болған. Наубайхана, ет-сүт өнімдерін шығаратын шағын кәсіпорындар әр ауылда дерлік бар. Қысқасы, дастарқанға қояр дәм-тұз өз бау-бақшасы мен қора-жайынан немесе ауылдасынан табылады, артылғанын қалаларға апарып саудалайтындар да аз емес. Құрылысқа қажетті материалдарды шығарушылар да баршылық. Ауылдағылар мұндай мүмкіндікті «Ауыл аманаты» бағдарламасымен байланыстырады.
30 Қаңтар, 2024
Қар кетердегі қауіпке дайындық
«Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла» дегендей, қыстың толық екі айдан артық уақыты болса да Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде көктемгі тасқын мәселесі қаралды. Баяндама жасаған «Қазгидрометтің» облыстық филиалының директоры Қымбат Мерғалымова көктемгі тасқынның қаупін бірінші болып жеткізді.
30 Қаңтар, 2024
Шешен азаматының имандылық өнегесі
Атбасар ауданында шешен азаматтары Хан Кене батырларының бірі Қарабай құрметіне мешіт тұрғызып берді. Ынтымақ ұйыған, ырыс құйылған ауылдың тіршілігінен жанашыр жұрттың ауызбірлігі, шүлеңгер азаматтардың шарапаты аңғарылып тұрады. Осындай үлгілі көрініске Атбасар ауданының Сергеевка ауылында куә болдық. Қанша уақыттан бері көптің тілеуінде жүрген жаңа мешіттің құрылысы бастамашыл азаматтардың араласуымен аяқталып, жыл басында ашылды.
29 Қаңтар, 2024
Газеттің мәдениет және әдебиет бөлімінде істеген соң, көркем шығарманы талдау, сыни пікір айту, рецензия жазу секілді әдеби ғадеттерден алыс кетпейміз. Әрине, кәсіби сыншы болмасақ та, қадари-халімізше өз ой биігімізден тәуір сөз айтуға тырысамыз. Десек те әр жазар қаламның бағытын айқындайтын беттүзер, ойтүзер, сөз суырар, кейде оталып, шабыттанар, темірқазық бір авторы болатыны анық. Ол өзі ылғи компьютеріңнің маңайында, қолсозым жерде жатады. Күнде жазып жүрген жазуың аяқасты қағазға түспей, қаламың кібіртіктеп, дүниенің азабына айналған сәтте сол бір аяулы кітапқа құшырлана қол жүгіртесің. Енді бір кезде оқып отырған мақалаңды өзің де жаза алатындай арқалана түсіп, жалың күдірейе түседі. Әдебиетшінің қалам-қуатынан күш алып, өз қаламың да жүгіре жөнеледі. Біздің сондай әбден парақталған киіз кітабымыздың бірі – «Шындыққа сүйіспеншілік», авторы – Сағат Әшімбаев.
29 Қаңтар, 2024
Елімізде әйел жазушылары арасында алғаш роман жазған Сара Мыңжасарованың туғанына 100 жыл толып отыр. «Оқитын өлке» облыстық акциясының биылғы таңдауына осы автордың шығармалары енді. Жазушылықты кеншінің қауіпті де азапты еңбегіне теңеген Сара қыздың туған жері — Шалқар өңірінде осыдан бір жыл бұрын аудандық балалар кітапханасының атсалысуымен «Қазақтың тұңғыш романист қызы» атты әдеби кеш өткізілді. Аталған танымдық шараны ұйымдастыру барысында қаламгердің көзін көргендерді іздестіріп, естеліктерін тыңдаған едік.
29 Қаңтар, 2024
Мәжіліс депутаты, «Аmanat» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин Бас прокурор Берік Асылов пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа ақбөкендердің аяусыз қырылуына қатысты депутаттық сауал жолдады. Онда салалық министрлік қабылдаған регламентке сай жұмыс атқарып жатпағанын жеткізді.
29 Қаңтар, 2024
Атырауда адамдар мінген көлік Жайық өзеніне құлап кетті
Оқыс оқиға 28 қаңтар күні сағат 13:08-де болған. Атырауда жеңіл көлік Жайық өзеніне түсіп кетіп, салдарынан жүргізуші сол жерде көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2024
Қаңтардың соңғы күндері ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2024
Алтыншы рет. Қазақ күресінен құрлық чемпионаты өтті
Әзербайжанның Баку қаласында қазақ күресінен ересектер арасында алтыншы Еуропа чемпионаты өтті. «Біріккен күрес әлемі» (UWW) аясындағы додада ерлер мен әйелдер күресіп, 16 салмақ дәрежесінде жүлдені бөлісті, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және денешынықтыру комитетіне сілтеме жасап.
29 Қаңтар, 2024
«Арнайы алыстан келді». Жәнібектің анасы болуы мүмкін келіншек ДНҚ тапсырды
Белгілі журналист, «Бармысың, бауырым» хабарының авторы Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған баланың анасын іздеу бойынша зерттеу жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2024
Ұлттық құрылтай: Жұмыс бағыттары айқындалды
Астанада Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырыстары өтті. Іс-шара барысында Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құрылтай жұмысының негізгі бағыттары жөнінде Президенттің 3 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатында айтылғанын атап өтті. Сондай-ақ осы консультативтік-кеңесші органның қызметі аясында Мемлекет басшысы көтерген бастамалардың жүзеге асырылу барысына қысқаша тоқталды.
29 Қаңтар, 2024
Ауыл дәрігерінің мәртебесі артады
Кейінгі жылдағы мұғалім мәртебесіне басымдық беріліп, ауыл мен қала мектептерінің терезесін теңестіруге көп көңіл бөлінгені құптарлық шешім болды. Соның ізімен ауыл медицинасының инфрақұрылымын жаңартуға, жоғын түгендеуге, жалақыны көтеруге ден қойылса, өткен аптада дәрігердің мәртебесін биіктететін тағы бір заң жобасын Мәжіліс депутаттары қабылдап, Сенатқа жолдады.
29 Қаңтар, 2024
Елімізде жастардың ауыр қылмысқа бару фактісі азаймай тұр. Статистиканы бағдарласақ, кейінгі үш жылда кәмелет жасына толмаған бес мыңға жуық бала ауыр қылмыс жасаған. Оң-солын бағамдап үлгермеген жеткіншектер, әсіресе тонау, қарақшылықтан бөлек, есірткіге үйір көрінеді.
29 Қаңтар, 2024
Астанада «Елорда жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Жеңілдетілген несие 35 жасқа дейінгі мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет, спорт, әлеуметтік және коммуналдық қызметкерлерге беріледі. Ол үшін жастар құжаттарын биыл 1-6 ақпан аралығында өткізуге тиіс. Ілкімді істің талап-ережесі қандай?
29 Қаңтар, 2024