Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Жылыой ауданынан 30 мың адам эвакуацияланды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқыны салдарынан Атырау облысының Жылыой ауданынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды, оның ішінде Тұрғызба ауылының 430 тұрғыны бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылыой ауданынан 30 мың адам эвакуацияланды

Фото: atr.kz

Аудан әкімдігі хабарлағандай, қазір Тұрғызба ауылының тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. 

«Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов ауыл тұрғындарымен кездесіп, эвакуациялаудың маңыздылығын түсіндірді. Ең алдымен әйелдер, балалар, мүгедектер мен зейнеткерлер көшірілді. Ауылдан 430 адам эвакуацияланып, Маңғыстау облысына пойызбен жөнелтілді. Оның ішінде 173 бала мен 15 зейнет жасындағы азамат бар», деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Құлсары қаласының 50 тұрғыны Маңғыстау облысына жөнелтілді. Теңіз кенішіндегі лагерьге 97 адам орналастырылды. Нәтижесінде қаладан 147 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті