Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Павлодар облысы су тасқыны мәселесін қалай реттеді?

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Төтенше жағдайлар комиссиясы осы жылдың 2 сәуірінде Жалаулы ауылында енгізілген жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай режимін алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысы су тасқыны мәселесін қалай реттеді?

Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, қардың еруі мен жауын-шашынның, сондай-ақ екпіні секундына 25 метрге жететін желдің салдарынан еріген су далалық аймақтан ауылға асып, ойпатта орналасқан 14 тұрғын үйді су басты.

Ауылдың ойпатты жерлерінде орналасқан үйлерді су басу мәселесін шешу үшін облыстық жедел штаб 200 000 текше метр суды құрайтын 3 жаңа шұңқыр салу туралы шешім қабылдады. Бұл келешекте ауылды су басу қаупі мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.

Ауылда төтенше жағдай жарияланған күннен бастап 12 бірлік техниканы пайдаланып, шұңқырлар салу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Тұрғын үйлерді су басу қаупі толығымен жойылып, жағдай тұрақталды.

Су тасқыны кезінде үйлері зардап шеккен барлық ауыл тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Арнайы комиссия келтірілген шығынды есептеп отыр, қорытындысы осы жылдың 10 сәуіріне дейін белгілі болады. Нәтижесінде зардап шеккен үй иелеріне бюджеттен тыс қаражат есебінен өтемақы төленеді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024