Пікірлер
Соңғы кездері біздің әріптестер де, шенеуніктер де бұқараның арасында әлеуметтік масылдық кең тарай бастағанын жиі айтатын болып жүрміз. Дүрмекке ереміз бе, ойланбай сөйлейміз бе, әйтеуір шенеуніктердің аузынан шыққан пікірді Құран сөзіндей жаттап, кейде қайталап кететініміз бар. Атқамінерлердің халық үшін жасаған һәм қазір істеп жүрген қызметіндегі олқылықты жуып-шаю үшін кейде «масыл болмаңдар» дей салатынын білсек керек еді. Жоқ, «биіктегілер» айтты деп масс-медиа қызметкерлері де масылдық жайлы «жырлап» шыға келеміз. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз мұқтаждық пен масылдықтың аражігін ажырата білуіміз керек. Тек Үкімет тарапынан бөлінетін жәрдемақыға қарап өмір сүруге болмайтынын әр азамат түсінгені жөн» деп еді. Әзірге мұқтаждық туралы сөз етуімізден, «масылдықтан арылу керек» деуіміз басым болып тұр.
18 Қыркүйек, 2019
Шаужайына оралып әке-шешесінен айрылғысы келмей тұрған шолжаң немересін әжесі әуелі алдаусыратып шақырып алар еді. «Әй, мынаны көрдің бе, дейді қалтасында жүрген умаждалған орамал, түйме, жіп, тарақ секілді мидай араласқан бір уыс заттың ішінен қағазы мыж-мыж болып ақжемделіп, суреті әрең көрінетін ескі кәмпиттің шетін жылтыратып шығарып жатып, жүр, сен екеуміз Күріш апаңның үйіне барып кетпенін сұрап әкелейік».
16 Қыркүйек, 2019
Осыдан 107 жыл бұрын Саутгемптоннан Нью-Йоркке бара жатқан жолында айсбергке соғылып Атлант мұхитының түбіне кеткен «Титаниктің» су астында жатып тоза бастағаны жөніндегі хабар жақында ғана жарияланып, шартарапқа тарап кетті. Мұны аты аңызға айналған кеме туралы деректі фильм түсірмек болып, мұхит астына 4 мың метр тереңдікке түскен зерттеушілер анықтаған. Зерттеушілердің өзі сегіз елден құралыпты.
13 Қыркүйек, 2019
Бүгінгі таңда «байырғы адами құндылықтар жойылып бара жатыр» дегенді әркім айтады. Бұл өте орынды пікір. Қандай бір халық заманға сай өсіп-өркендеп, әлем қауымдастығы алдында өзінің ұлттық бет-бейнесін сақтап қалу үшін сан ғасырдан бері үзілмей келе жатқан байырғы құндылықтары: салты мен дәстүрі, тілі мен діні, ешкімге ұқсамайтын тұрмыстық һәм рухани қарым-қатынас ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Төтесін айтқанда, рухани-мәдени құндылықтарын сақтай алмаған ұлттың болашағы бұлыңғыр.
12 Қыркүйек, 2019
Әлеуметтанушылар зерттеуі халықтың басым бөлігінің ерікті-еріксіз түрдегі ермегі музыкамен байланысты екенін анықтапты. Теледидарды қосқаннан тұтқынына алатын концерттер мен әншілердің жүргізетін бағдарламасын айтпағанда, үйдегі студент пен бала біткен арнайылап көретін әртүрлі сападағы 5-6 музыкалық арнаның насихаты толассыз төгіліп тұр.
11 Қыркүйек, 2019
Сақшылар ісіне де сақтық керек
Ала таяқ жол-патрульдік полиция қызметкерінің қолына қайта тиді. Ал кезінде осы ала таяқты қаншама айтыс-тартыспен алып тастаған едік. Бұған басты себеп жол-патрульдік полиция қызметінің сапасына көңіл толмаушылықтан басталғаны белгілі.
10 Қыркүйек, 2019
Бала кезім, анам бірде үйдегі ескі-құсқы киімдер салынған кішкене қорапты сарайға шығарып тастауымды өтінді. Апара жатып қораптың бетіндегі өзімнің ескі жейдеме көзім түсіп кетті. Таң қалғаным, әлгі жейденің жағасы жоқ. Әдемілеп қиып алынғаны көрініп тұр. Үйге қайтып келіп анамнан неге олай істегенін сұрағанымда, ер адамның жағасы аяқ астында қалмауы керектігін байыппен түсіндірді. Мен сол кезде бала болсам да анамның ер-азаматқа деген үлкен құрметінен зор тағылым, бай тәрбие байқаған едім.
09 Қыркүйек, 2019
Қазақтың бүкіл салт-дәстүрі, наным-сенімі халқымыздың табиғатқа өте-мөте тәуелді болғанын білдіреді. Қазір де сол жағдайдан көп алыс кете қоймаған секілдіміз.
06 Қыркүйек, 2019
Оқу жылын оқушылармен қатар ата-аналар да, ұстаздар қауымы да қуана күтеді деп, жарқын жолдармен бастауымызға болар еді. Өкінішке қарай, соңғы жылдары оқу жылының қуанышынан гөрі, уайымы басым болып бара жатқандай. Керісінше, ұстаздар мен ата-аналар соңғы қоңырауды асыға күтетінін несіне жасырайық.
05 Қыркүйек, 2019
«...Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?»
Алла тағала қазақтың иелігіне асты мен үсті байлыққа толы кең-байтақ жерді нәсіп еткені көңіл марқайтпай қоймайды. Алайда осынау Ұлы даламыздың, оның қойнауындағы ризық-несібеміздің қадірін біліп, оны құныттап пайдалану, жанын сала қорғау жағынан келгенде әттеген-ай дейтін тұстарымыз көп-ақ...
04 Қыркүйек, 2019
Әрбір халықтың табиғи жаратылысында өзін басқалардан ерекшелеп тұратын кемел қасиеті болады. Айталық, ағартушы Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы Орынборда жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» атты еңбегінде, қазақ жаратылысы өте таза халық, оның сана-сезімі мен сұңғылалығы біреу салып берген тар шеңберге сыймайды десе, ХІХ ғасырда өмір сүрген поляк зерттеушісі А.Янушкеевич күнделігінде, «қазақтардың ақыл-ой қабілеті мен сұңғылалығына еріксіз таңырқай, таңданбасқа амал жоқ» деп халқымыздың басқалардан артық кемел қасиеті жайлы тамсана жазады.
03 Қыркүйек, 2019
Дүниенің кең екені белгілі. Галактикаларды былай қойып, өзіміздің Жер планетасын алсақ, әлі қаншама игерілмеген жерлер бар. Тіпті Қазақстанның өзінде әлі де көптеген жерлер адам игілігіне аспаған күйінде бос жатыр. Егер пойызбен немесе кез келген автокөлік түрімен Нұр-Сұлтаннан Алматыны бетке алып шықсаңыз, ілеуде бір кездесетін қалалар мен елді мекендер, көзге шалынатын егістік алқаптар болмаса, жалпы даланың бос жатқанын байқайсыз. Әрине бұл жерлер мал жайылымдары саналатыны және теміржолдың бойындағы әрбір жер телімінің иесі бар екені белгілі. Бірақ сөйте тұра ауқымды бөлігінде тіршілік белгісі байқала бермейді. Жайылып жүрген малдың өзі сирек кездеседі.
02 Қыркүйек, 2019
«Он үште – отау иесі» санаға сыймайтын ұғым ба?
Жаратушы Иеміз қыз баланы 9-10, ұл баланы 12-13 жасқа толғанда балиғаттық кезеңге қадам басатындай етіп жаратқан. Мұны «Он үште – отау иесі» деген ата-бабаларымыз да, қазіргі ғылым да жоққа шығармайды.
30 Тамыз, 2019
Ешқандай еңбек сіңірмей тегін дүние иелену адам табиғатына әу бастан дендеп кіретін қасиет болса керек. Тегін дүниеге кенелгісі келетіндерді көп ойланбай, табан астында топтап тастасақ, түрлері көп: әртүрлі лауазым иелерінің алатын парасынан бастап, түрлі мекемедегі ақша жинау, қарапайым жандардың қаржысына қақпан құрудан шаршамайтын әртүрлі алаяқ пирамидалар, соларға сеніп соңғы тиынын санап беретіндер, қоғамдық көліктегі «қояндар», тіпті түнеп шыққан қонақүйінің сабыны мен сүйретпесін кетіп бара жатып сөмкесіне сала кететіндердің ісін не туабітті мінезге, не жүре жабысқан дағдыға жатқыза алмайсың.
29 Тамыз, 2019
«Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық» деген ескілерден қалған сөз бар. Сол ескілерден қалған сөз ескірейін деді ме... Әйтеуір қазір малдың еті мен сүт-майы қымбаттаса да, терісі ешкімге керексіз болып, әр жерде шіріп жатады.
28 Тамыз, 2019
Сапаны қадағалау – рецепсіз сатумен байланысты емес
Биылдан бастап қазақстандықтарға дәрі-дәрмектерді рецепсіз сатуға шектеу қойылды. Өйткені Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов барлық дәріханаларға дәрі-дәрмекті арнайы рұқсатсыз сатуға тыйым салды.
27 Тамыз, 2019
Жасаған иеміз бізді есті жан етіп жаратқан соң айналамыздағы тіршілік атаулыға аялай қарағанымыз абзал. Төрткүл дүние төсін тел емген сан жетпес санасыз «жерлестеріміз» алдындағы сол жауапкершілікті сезінгендіктен болар, жер бетіндегі аң-құстар мен өсімдіктер әлемін сақтаудың амалдарын іздеп аласұрамыз.Тұқымы тұздай құрудың алдында тұрғандарын «қызыл кітапқа» кіргіземіз. Дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау – саналының сауапты ісі. Асылында, арда табиғаттың тепе-теңдігін бұзбағанға не жетсін!
26 Тамыз, 2019
Таудан арқасы бардың, тастан жүрегі бар. «Асу бермес асқар жоқ» деп аспанмен астаса асқақтаған алкеуде шыңдарға өрмелейтін альпинизм спорты екінің біріне ермек емес. Ердің ері – егеудің сынығы ғана тәкаппар тау қабырғасында қос тігуге жүрегі дауалайды. Батылдық пен батырлықтың, қайтпас қайсарлық пен қажымас қайраттың, мұқалмас күш-жігердің, ең бастысы өршіл рухтың сыналатын спорты осы альпиниада болса керек. Иманың қасым болатын иен таудағы құлама құздар мен қалың қар астында жатқан мұз жыралар, терең үңгірлер мен ұры ұралар «тәуекел түбі – жел қайық» деп салдыртып өте шығатын ашық айдын емес, тас жұтар тәуекелден де құдіретті күш – заңғар биіктікке, адам аяғы баса бермес айрықша сұлулыққа, бірақ қойны-қонышы суық та қаһарлы сұлулыққа деген құштарлық шығар, бәлкім. Оны таудың аққалпақ төбесіне табаны тигендер біледі.
23 Тамыз, 2019
БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясы 2009 жылы бекіткен «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» 29 тамызда атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу Қазақстан тарапының ұсынысымен қабылданғанын еске сала кетейік. Биыл соған 10 жыл толып отыр.
22 Тамыз, 2019
Мемлекет қызметкері болсақ та, заң бойынша «мемлекеттік қызметкер» аталып көрмеппіз. Дегенмен естуіміз бар, көруіміз бар: тіптен оңай емес дүние. Несін жасырасың, күш-қуат тұрғысынан ауық-ауық әбден сығылған лимондай боп қалатыны өз алдына, күнделікті ағымда жүргеннің өзінде көбіне жақсы аты жоқ. Дүниенің бүкіл оңалмай жатқан келбетіне мемлекеттік қызметкерді кінәлау, «өй, шенеунік қой» дей салу халықтық қолданыста жиі кездеседі. Неге? Неліктен?
21 Тамыз, 2019