Білім • 21 Қаңтар, 2026
Таразда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып түлектері жасанды интеллект бағыты бойынша өткен халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді. «Fizmat Al Olympiad» додасында топқа түскен жас таланттар үшінші тұғырға табан тіреді. Нұрасыл Серіков, Улугбек Османов, Исламнур Хусаинов бастаған оқушылар тынымсыз ізденістің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Digital • 21 Қаңтар, 2026
Цифрландыру – жаңашылдық үрдісі
Еліміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен цифрландыру және жасанды интеллект бағытын стратегиялық маңызы бар сала ретінде таңдады. Осы бағытта жүйелі түрде реформа жасау қолға алынды. Президент өткен жылғы Жолдауында: «Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету», деген болатын. Сондай-ақ осы мақсат жүзеге асуы үшін жасанды интеллектіні барлық салаға енгізуге тапсырма берді.
Қаржы • 21 Қаңтар, 2026
Kaspi еліміздің 300 қаласы мен ауылына тапсырысты жеткізуді қалай ұйымдастырды?
161 млн тапсырыс, 10 000 жұмыс орны мен 126 млрд теңге төленген салық Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 300 қала мен ауылдың тұрғындары күн сайын Kaspi Магазиннен тапсырыстарын алады. Жылдам әрі сапалы жеткізуді Kaspi Жеткізудің серіктестік желісі қамтамасыз етеді. Бұл – Қазақстанның әртүрлі компанияларында, қабылдау пункттерінде, логистикалық орталықтарда және тәуелсіз курьерлік қызметтерде еңбек ететін шамамен 10 000 қызметкер. Біз мақаламызда Kaspi.kz-тің бүкіл ел аумағында серіктестік негізде логистикалық жеткізу желісін қалай қалыптастырғаны туралы баяндаймыз.
Экономика • 21 Қаңтар, 2026
Қой жүнінен – құрылыс материалы
Ақтөбе облысында қой жүнін терең өңдеп, құрылысқа қажетті жылу-оқшаулағыш материалдарын шығаратын «KazFeltec» ЖШС жұмысын бастады. Бұл – тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың құрылысына табиғи таза өнімнен экологиялық сапалы өнім шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорындардың бірі.
Өндіріс • 21 Қаңтар, 2026
Еліміз экономиканы әртараптандыру, экспорттық әлеуетті арттыру әрі жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында нақты қадамдар жасап келеді. Соның ең маңызды бағытының бірі – экономикаға инвестиция тарту.