Пікір • 21 Қаңтар, 2026
Саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы
Құрылтайда ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған маңызды мәселелер айтылды. Бүгінгі жиында саяси жүйені одан әрі жетілдіру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, ұлттық бірегейлікті нығайтуға қатысты өзекті бастамалар көтерілді.
Спорт • 21 Қаңтар, 2026
Қарасай ауданындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты мәреге жетті. Жарысқа облыстың барлық аудандарынан 450-ден астам спортшы қатысты. Сайыста U-20 жас санатындағы жастар, сондай-ақ 15 жасқа дейінгі спортшы өрендер бақ сынасты.
Пікір • 21 Қаңтар, 2026
Ұлттық құрылтайдың V отырысында қабылданған шешімдер ел дамуына айтарлықтай әсер етеді. Саяси жүйедегі бұл өзгерістер мемлекеттік басқаруда лауазым иелерінің тағдырын халықтың үнімен, пікірімен байланыстыратын тетікке айналмақ. Парламенттің ендігі жерде «Құрылтай» деп аталуының өзі ұлттық ерекшеліктен бөлек, сайланған азаматқа жауапкершілік жүктейді деген сенімдемін.
Пікір • 21 Қаңтар, 2026
Басқару жүйесіндегі ауқымды өзгерістер
Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі нәтижелерге тоқталып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтарды айқындады. Жиында экономикалық өсім көрсеткіштерімен қатар, заң шығару үдерісіндегі Құрылтайдың рөлі, мәдениет пен руханиятты жаңғырту, жастарды қолдау, ғылым мен цифрландыруды дамыту, сондай-ақ парламенттік реформаның негізгі бағыттары кеңінен қамтылды.
Пікір • 21 Қаңтар, 2026
Тағдыршешті шешімдер қабылданған жиын
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысы шын мәнінде ел шежіресіне алтын әріппен жазылатын айшықты оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей қатысуымен өтіп келген Ұлттық құрылтай өзін мемлекет үшін тағдыршешті мәселелер талқыланатын басты алаң ретінде толық дәлелдеді. Ол халқымыздың көне дәстүрлерін қайта жаңғырта отырып, ұлттық мемлекет құрудың ұзақмерзімді моделін қалыптастырған ашық әрі маңызды диалог қызметін тиімді атқарды.