Пікір • Кеше

Дамуға негіз боларлық бастама

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық құрылтайдың V отырысында қабылданған шешімдер ел дамуына ай­тарлықтай әсер етеді. Сая­си жүйедегі бұл өзгерістер мемлекеттік басқа­ру­да лауазым ие­ле­рінің тағдырын халықтың үні­мен, пікірімен байланыс­тыратын тетікке айнал­мақ. Парламент­тің ендігі жерде «Құрылтай» деп ата­­луының өзі ұлттық ерекшеліктен бөлек, сай­­лан­­ған азаматқа жауапкершілік жүктейді деген сенімдемін.

Дамуға негіз боларлық бастама

Ал Вице-президент лауазымы саяси жүйенің тұрақты­лығына үлес қосары сөзсіз. Мысалы, кезінде Президент Әкімшілігінің жетекшісі ретінде мемлекеттік хатшылармен, мемлекеттік кеңесшілермен жұмыс істедім. Бұл жоғары
лауазым болғанымен, өкілеттіліктері конституцияда толық анықталмағандықтан, бұл орындар соған келген адамның бейімділігіне қарай белгілі бір функциялармен толықтырылып отырды. Кейде тіпті олардың мемлекеттік аппараттың ішіндегі нақты орны айқын болмай жүрді. Ал Вице-президент атауының өзі көрсетіп тұрғандай жауапкершілігі де, өкілеттілігі де өте жоғары лауазым. Бұл өзгерістердің бәрі саяси жүйе орнықтылығын қамтамасыз етеді.

Ерекше бір назар аударатын тағы бір мәселе – конс­титуциялық комиссия құру бастамасы. Комиссия өзгеріс­терді терең талдап, халықтың пікірін ескере отырып, конс­титуцияның жаңа жобасын әзірлейді. Бұны «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының біздің конс­титуциялық реформадағы көрінісі деуге болады.

 

Әлихан БАЙМЕНОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері 

Соңғы жаңалықтар