Университет • 20 Қаңтар, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы ашылды. «Aerial Solutions» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық аясында ашылған ғылыми-инновациялық орталықта отандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының моделін әзірлеу, оқу-өндірістік зертханалар мен сынақ полигонын құру, сондай-ақ дуалды білім мен сертификаттау бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Өнер • 20 Қаңтар, 2026
«Қыз Жібек» – «Астана Балет» сахнасында
Өткен жыл «Астана Балет» театрының шығармашылық бағыты айқындалып, ұжымның ұлттық әрі халықаралық сахнадағы беделі нығая түскенін көрсетті. Театр классикалық дәстүр мен заманауи ізденісті сәтті ұштастырып, көрерменге балет өнерінің кең тынысын, эстетикалық тереңдігін ұсынды. Осы табысты жол биыл да жалғасын тауып, жаңа премьера, ауқымды гастрольдік сапарлар һәм жарқын мәдени жобалармен толыға түспек.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
«Әлеуметтік әмиян» – әділеттілік, ашықтық айнасы
Елімізде азаматтардың әл-ауқатын нығайтып, ахуалын жақсарту мақсатында түрлі әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік қолдау шаралары ашық, әрі тиімді жүргізілуге тиіс. Қазына қаражатын ебін тауып асап қалуға ұмтылатындардың жолын кесу мақсатында әлеуметтік көмек түрлеріне цифрландыру толыққанды енгізіліп жатыр. Соның ішінде «Әлеуметтік әмиянның» салмағы ауыр.
Білім • 20 Қаңтар, 2026
Өткен аптада Nazarbayev University-де «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты форум өтті. Оны аталған жоғары оқу орны мен Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бірлесіп өткізді.
Инфрақұрылым • 20 Қаңтар, 2026
Жолды салу мен оның техникалық көрсеткіштері – мемлекеттің экономикалық жетістігі. Ал жолды күтіп-баптау – жол пайдаланушылардың сұранысы мен талабы. Ресми дерекке сүйенсек, жол апаттарының 97 пайызы жүргізушінің кінәсінен деп көрсетіледі. Ал жол жағдайлары мен техникалық ақаулардың үлесі 2,5 пен 3 пайыз шамасында көрінеді.