Білім • 20 Қаңтар, 2026
Халықаралық деңгейдегі жетістік
Кейінгі жылдары еліміздің жас ғалымдары әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми дәрежелер алып, отандық ғылымның абыройын арттырып келеді. Солардың бірі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде докторлық оқуын сәтті аяқтаған Бауыржан Қазиев. Ол жуырда Ұлыбританияда PhD Viva қорғауынан сүрінбей өтіп, білім саласы бойынша философия докторы (PhD in Education) ғылыми дәрежесін алды. Бұл – жеке жетістік қана емес, еліміздің білім саласының халықаралық деңгейде мойындалуы болмақ.
Экономика • 20 Қаңтар, 2026
Экономикалық өсім халықтың табысына қалай әсер етеді?
«Елімізде экономикалық өсім бар» деп жазып, айтып жатамыз. Жұртшылықтың көкейінде «бұл өсім халықтың табысына қалай әсер етеді?» деген ой туындауы мүмкін. Өткенде біз Президенттің аузынан «орташа табыс тұзағы» дегенді естідік. Яғни біз экономикалық өсімді қанша арттырсақ та «тұзақ» айналасынан шыға алмауымыз ықтимал. Ол үшін саланы әртараптандыру қажет.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Жетісу облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған оңалту жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді. Бүгінде бұл бағытта қызмет көрсететін 9 мекеме бар. Онда жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі шамамен 800-дей бала оңалтудан өтеді. Алдағы уақытта жаңа нысандар салу көзделген. Өкінішке қарай, сауықтыруға мұқтаж бүлдіршіндердің де саны артып келеді.
Экономика • 20 Қаңтар, 2026
Тоқыма өндірісі тоқыраудан шыға бастады
Ілгеріде мақта өндірісін дамытуға қажетті деңгейде мән берілмеуі салдарынан өңдейтін өндіріс ошақтары қалыптаспағаны, «ақ алтын» өсіретін бірден-бір өңір – Түркістан облысындағы өзекті мәселелерді сараптап, газетімізге «Тоқыма өнеркәсібі тоқыраудан қашан шығады?» тақырыбында мақала жазған едік. Сол сараптамада зауыттардың дені тек мақта талшығын өңдеп сатумен ғана айналысатыны туралы жазылған болатын.
Пікір • 20 Қаңтар, 2026
Осы күндері ауылдық жерде ашылып жатқан мәдени ошақтар қатары аз емес. Енді сонда жұмыс істейтін азаматтар қызметіне, олардың мәртебесіне қатысты көптеген мәселеге назар аударғанымыз жөн.