Медицина • 20 Қаңтар, 2026
«Juldyz Kenan Co. Ltd» – елімізде катетер, зонд, патологиялық материалдар жинауға арналған контейнерлер, өзге де медициналық бұйымдар шығаратын бірден-бір отандық өндіріс ошағы. Нарықта отыз жылдан астам уақыт қызмет жасап келе жатқан нысанның құрылысына 2 млрд теңге инвестиция құйылған.
Саясат • 20 Қаңтар, 2026
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Ұлттық құрылтайдың төрт отырысында жарияланған бастамалар елді кешенді жаңғырту мен трансформациялаудың маңызды тетігіне айналды. Бұл бағыттағы нақты қадамдар заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етіліп, 26 заң қабылданды.
Саясат • 20 Қаңтар, 2026
Агросаланы дамытудың кешенді жоспары
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралған жиын өткізді. Құжатта мал басын көбейтуге, өнімділікті арттыруға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың негізгі тәсілдері мен тетіктері қамтылған.
Медицина • 20 Қаңтар, 2026
Жедел жәрдем 7 млн-нан астам шақыруға барған
Былтыр жедел медициналық жәрдем бригадалары ұзын-саны 7 467 926 шақыртуға барып, тұрғындарға тиісті қөмек көрсеткен. Шамамен 1 375 401 шақыртуға емханалардың жанындағы мобильді бригадалар жұмылса, басқасына жедел медициналық жәрдем қызметі жеткен.
Саясат • 20 Қаңтар, 2026
Талдау мектебіне кезекті лек қабылданды
Парламент Сенатының жанындағы Талдау мектебінің бесінші легі қабылданып, дәрістер басталды. Биыл бұл жобаға 1000-нан астам үміткерден өтінім келіп түскен. Конкурстық іріктеуден 71 қатысушы өтті, яғни бір орынға 14 адам үміткер болды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа кезеңнің алғашқы дәрісінде цифрлық техөнологиялар дәуіріндегі талдау жұмысының тұжырымдамалық қырлары туралы айтты.