Сурет: el.kz
Мәдени ғимарат салудан бөлек оның ішкі мазмұнын қалыптастыру бар. Ол дегеніміз – үйірмелер жұмысы, осы үйірмелерде жұмыс істей алатын мамандар деңгейі, ауыл кітапханасының жаңа кітаптармен қамтылуы. Ұлттық құрылтайдың секциялық отырысында осы бағытта ұсыныс айттық. Ауыл мәдениетінің маңызын, ондағы қызметкерлер жұмысын жетілдіру әрдайым назарда тұру керек деп ойлаймын.
Жалпы алғанда, құрылтай қоғамдағы көп мәселенің шешімін тауып, ел игілігіне жұмыс істеуіне жол ашты. Сыр жеріндегі бесінші басқосудан да жақсы бастамалар күтеміз.
Максим РОЖИН,
Мәжіліс депутаты