Пікір • 21 Қаңтар, 2026

Саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құрылтайда ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған маңыз­ды мәселелер айтылды. Бүгінгі жиында саяси жүйені одан әрі жетілдіру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, ұлттық бірегейлікті нығайтуға қатысты өзекті бастамалар көтерілді.

Саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы

Сурет: kaz.zakon.kz

Бесінші Ұлттық құрылтай отырысы елдің бірлігі мен тұ­рақ­ты дамуына бағытталған нақ­ты шешімдер қабылданатын маңыз­ды алаң екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы саяси жаңғыртудың қи­сынды жалғасы Вице-прези­дент инс­титуты туралы айтты. Вице-президент институтын құру елде кейінгі жылдары қа­лып­­­­тас­қан бү­кіл кейінгі жүйенің логи­ка­лық аяқ­­талуы екенін мәлім­деді. Оның ай­туынша, Вице-пре­зидентті Прези­дент Пар­ламенттің келісі­мімен тағайын­­дайды.

Сонымен қатар Вице-пре­зидент Мемлекет басшысы айқын­­дайтын өкілеттіктер аясында қызмет атқарады. Атап айт­қан­да, халықаралық форумдарда, ше­телдік мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздер­де ел атынан өкілдік ету, Парла­ментте Президенттің мүдде­сін білдіру, отандық және шетел­дік қоғамдық-саяси, ғылы­м­и, мәдени-ағар­тушы­лық ұйым­дармен өзара іс-қи­мыл жасау, сондай-ақ Пре­зи­­денттің өзге де тапсырмала­рын орындау міндеттері жүктеледі.

Мемлекет басшысы Вице-президенттің негізгі функциялары Конституцияда бекітілуге тиіс екенін атап өтті. Жаңа институтты енгізу мемлекеттік аппаратты оңтайландырумен қатар жүре­ді, оның ішінде Мемлекеттік кеңесші лауазымын жою және Президент Әкімшілігін реформалау көзделеді.

Бұл ретте Қ.Тоқаев аталған жаңашылдық президенттік билік институтын әлсіретпейтінін, керісінше басқару жүйесі­нің орнықтылығын арттырып, би­лік иерархиясына айқындық енгізетінін, сонымен қатар Қазақстанның президенттік рес­­­пуб­лика ретіндегі мәртебесін сақ­тайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы ұсыны­лып отырған реформалар­дың жиын­тығы – бірпалаталы Парла­­мент­ке (Құрылтай) көшу, Халық кеңе­сін құру және Вице-президент лауазымын енгізу – ел дамуы­на қуатты серпін беріп, қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында мемлекеттіліктің әлеуе­тін күшей­теді деген сенім білдірді.

 

Серік ЕРУБАЕВ,

Мәжіліс депутаты 

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20