Саясат • 22 Қаңтар, 2026
Бизнес мәселелері жүйелі түрде шешіледі
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бірінші кеңес өтті.
Білім • 22 Қаңтар, 2026
Жас ғалымдарға арналған мектеп
С.Торайғыров университеті базасында жас ғалымдар мен оқытушыларға арналған Қысқы мектеп ұйымдастырылды. Оның мақсаты – жоғары білім саласындағы жас оқытушылар мен зерттеушілер арасында кәсіби диалог орнатып, ғылыми және академиялық трендтерді педагогикалық қызметте тиімді пайдалану. Сондай-ақ ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мүмкіндігін кеңейту.
Саясат • 22 Қаңтар, 2026
Президент бастамалары – ауқымды саяси реформаның заңды жалғасы
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінің қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.
Саясат • 22 Қаңтар, 2026
ЮНЕСКО-мен бірлескен жоба іске қосылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында Сыртқы істер министрлігі ЮНЕСКО-ның Өңірлік бюросымен бірлесіп, жасанды интеллектіні пайдалануға ұлттық дайындықты бағалау жобасын ресми түрде іске қосты.
Саясат • 22 Қаңтар, 2026
Халықаралық келісімдер ратификацияланды
Кеше Мәжілістің жалпы отырысы өтіп, қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекеттері туралы келісімге өзгеріс енгізілді. Сонымен қатар депутаттар Халықаралық Азаматтық авиация ұйымына (ICAO) қатысты құжатты қабылдады. Негізінен жиын барысында Ұлттық құрылтайда көтерілген өзекті бастамалар мен басым бағыттарға айрықша назар аударылды.