Қоғам • 10 Қаңтар, 2026
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге жоспарланған жұмыс сапарлары әлі жалғасын тауып келеді. Бұл жолы депутаттар Абай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында болып, жергілікті жұртшылықпен кездесті.
Мәдениет • 10 Қаңтар, 2026
Музей саласын дамыту және халықаралық стандарт енгізу аясында Алматы қаласы музейлері бірлестігінің мамандары Кореяның Сеул және Кёнджу қалаларының жетекші музейлерінде кәсіби біліктілігін арттырды.
Шаруашылық • 09 Қаңтар, 2026
Берік Базарбаев: «Арамшөп – астықтың басты жауы»
«Түстік өмірің болса, кештік мал жина» деген қағиданы бұлжытпай орындайтын шаруашылық иелерінің бірі – диқандар десек, артық айтқандығымыз емес. Көктемгі егістікке қазірден қызу дайындық жүргізіп жатқан сала мамандары ізденісін бір сәт те тоқтатқан емес. Осы орайда ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру бағытында ғылым мен тәжірибені ұштастыруға ерекше көңіл бөліп жатқан А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының өсімдіктерді қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкері Берік Бектұрұлы Базарбаевпен әңгімелескен едік. Ғалым Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан 019 бюджеттік бағдарлама – «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша қызметтер» аясындағы жұмыстарға белсенді қатысып қана қоймай, ізденіс нәтижелерін де бүкпесіз ортаға салды.
Таным • 09 Қаңтар, 2026
Осыдан 120 жыл бұрын америкалық саяхатшы, зерттеуші, публицист Кеннен Джордждың «Сібір және айдау» («Сибирь и ссылка») атты очерктер жинағы 1906 жылы Санкт-Петербург қаласынан орыс тілінде жарық көрген екен.
Руханият • 09 Қаңтар, 2026
Ұшқан ескерткіші кешенді зерттеле ме?
«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» ұлттық жобасына енген тарихи мекендер қатарында Ұшқан ата қорымы да бар. Жергілікті тарихшылардың пікірінше, Жылыой ауданындағы бұл қорымда 8 сағанатам, 94 құлпытас, 3 қойтас пен бір сандықтас анықталыпты. Эпиграфикалық зерттеуге сәйкес құлпытастар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бастапқы кезеңіне тән екені анықталыпты. Құлпытастарды тас қашайтын ағайынды шеберлер Елеусін мен Елбосын Егісінұлы жасаған.