Тұлға • 09 Қаңтар, 2026
Көрнекті ғалым, ұлт руханиятының ірі тұлғасы, ұстаз, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ КСР гимнінің авторы, Абайдың мемлекеттік музейін ұйымдастырушы, абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану, алаштану, мәтінтану ғылымының біртуар тұлғасы Қайым Мұхамедханұлының 110 жылдық мерейтойы Семейде басталды.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
Биыл да әлемдік саяси аренаның талас пен тартысқа толы оқиғалардан босамайтын түрі бар. Мәселен, бірнеше елде ұлттық парламенттік және президенттік сайлау (Таиланд, Бангладеш, Словения, Непал, Мажарстан, Бенин және тағы басқа) қолға алынса, Таиланд пен Бангладеште конституциялық референдумдар жоспарланып отыр. Ал біршама мемлекетте аймақтық және жергілікті деңгейдегі сайлаулар өткізілмек.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
Венесуэла бұл күйге қалай түсті?
АҚШ Венесуэла аумағында арнайы операция жүргізіп, ел астанасы Каракаста президент пен жұбайын ұстап әкеткені әлемді дүр сілкіндірді. Мұның себебін Америка тарапы «Венесуэла президенті Николас Мадуро наркотерроризмге жол беріп, сайлау нәтижесін бұрмалады» деп түсіндірді. БҰҰ АҚШ-тың бұл әрекетін орынсыз деп айыптады. Осы орайда біз қойнауы мұнай мен газ секілді табиғи байлыққа толы Венесуэла әлемдегі кедей елдердің қатарына қалай қосылғанына тоқталайық. 50 жыл бұрын халқының әлеуметтік жағдайын жақсартқан Венесуэлаға дүние жүзі тәнті болған еді. Алайда қазір тұрғындарының көпшілігі кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүріп жатыр.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2026
Қазақстан – қауіпсіз мемлекеттер қатарында
2025 жылдың Global Terrorism Index (Жаһандық терроризм индексі) есебінде еліміз нөлдік индекс көрсеткішімен 100-орынға ие болды. Қауіпсіздік тұрғысынан біз АҚШ, Канада, Ұлыбритания мен ірі Еуропа елдерден ғана емес, сонымен қатар жақын көршілес Ресей, Қытай, сондай-ақ аймақтағы өзге елдерден де асып түстік.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Асықтан ұялы телефонға дейін...
Бұрын сайын сахарада атқа мініп, асық ойнап, ата-анасына қамқор болып жүретін балалардың көбі қазір төрт қабырғаға қамалып, қозғалыстан қалды. Әртүрлі технологиялық ойындар мемлекеттік шекарадан асып, мұхиттан өтіп, балалардың санасына сіңіп үлгерді. Қамсыз күйде қолына телефон ұстап, әлдебір түсініксіз ойындарға елігіп отырған балалардың жағдайы бізді сәт сайын үрей құшағына сүңгітеді. Жаңа ойындардың сиқыры мен әлем-жәлем бейнелері балалардың тат шалмаған тап-таза әлеміне қандай әсер етіп жатқанын, құдай білсін!