Сұхбат • 09 Қаңтар, 2026
Ислам БАЙРАМУКОВ: Олимпиада жүлдесі бейнетпен келді
Танымал еркін күрес шебері Ислам Байрамуковтың бозкілемде атой салған кезі күні кешегідей көз алдымызда. 10 жылдан аса уақыт бойы 90, 96 кг салмақ дәрежелерінде күресіп, елішілік жарыстарда қарсылас шақ келтірмеген жампоз халықаралық аренада да елеулі табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, Азия чемпионатында 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль олжалады. Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді. Орталық Азия, Шығыс Азия ойындарында бас жүлдені қанжығасына байлады. Қарашай жігітінің спорттық мансабындағы ең зор табысы – Олимпия ойындарының күміс медалі. Ғасырлар тоғысында Сиднейде алауы тұтанған дүбірлі додада небір апайтөстерді жолынан ығыстырған Ислам финалда ғана осалдық танытты. Балуанның ерен еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталды. Қазіргі кейіпкеріміз Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжін басқарады.
Саясат • 09 Қаңтар, 2026
Көкейдегі көп сауалға нақты жауап
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында ана тіліміздегі республикалық басылымдарға көлемді сұхбат беруі жақсы дәстүрге айналып отыр. Жақында ол «Turkistan» газетіне берген сұхбатында да жұртшылық көкейінде жүрген бірталай сауалға ашық та нақты жауап беріп, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының маңызды мәселелері туралы пайымын ортаға салды.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2026
Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылындағы бір отбасынан төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті. Олардың нақты қай күні жоғалғаны жөнінде дерек жоқ.
Спорт • 09 Қаңтар, 2026
Алматының «Қайрат» футбол клубы БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команда құрамында тек Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев жоқ. Олар жарақаттарын емдеп жүр. Жерлестеріміз Парсы шығанағында екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 9 қаңтарда Әзербайжанның «Нефтчиімен», 14 қаңтар-да Хорватияның «Вараждинасымен» шебер-лік байқасады. Жалпы, биыл «Қайраттың» алдында екі үлкен мақсат тұр. Біріншісі, былтырғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында жеңіп алған чемпиондық атағын биыл да сәтті қорғау. Екіншіден, УЕФА Чемпиондар лигасында мүмкіндігінше мол ұпай жинауға тырысу. Әзірге Рафаэль Уразбахтин баптайтын команда алты ойыннан кейін бір ғана ұпайға иелік етті. Осы жарыс аясында «Қайрат» 20 қаңтарда Бельгияның «Брюггесін» қабылдаса, 28 қаңтарда Лондонға сапар шегіп, жерігілікті «Арсеналмен» күш сынасады.
Ғалам ғажаптары • 09 Қаңтар, 2026
Кейде бір ғана адам емес, тұтас қоғам, тұтас буын өтірікке шындай сеніп, болмаған оқиғаны болды деп жүреді. Бұны Мандела эффектісі деп атайды.