Қазақстан • 09 Қаңтар, 2026

Қазақстан – қауіпсіз мемлекеттер қатарында

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2025 жылдың Global Terrorism Index (Жаһандық терроризм индексі) есебінде еліміз нөлдік индекс көрсеткішімен 100-орынға ие болды. Қауіпсіздік тұрғысынан біз АҚШ, Канада, Ұлыбритания мен ірі Еуропа елдерден ғана емес, сонымен қатар жақын көршілес Ресей, Қытай, сондай-ақ аймақтағы өзге елдерден де асып түстік.

Қазақстан – қауіпсіз мемлекеттер қатарында

Сурет: kaganmedia.org

Елімізде террористік ша­буыл­дар 2016 жылы орын ал­ған. Содан бері қауіпсіздік күш­тері шамамен 40 түрлі ша­буыл­дың алдын алды. Ал былтыр әлемде террористік шабуылдар 66 елде тіркеліп, Батыс ел­­дерінде олардың саны 63 пайыз­ға өскен. Ұзақ үзілістен кейін Швеция, Аустралия, Фин­лян­дия, Нидерланды, Дания мен Швейцарияда шабуылдар қайтадан орын алған. Гер­ма­нияда ахуал тіпті нашар, Магдебургтегі Рождество база­рын­дағы шабуылдан кейін бұл ел 27-орынға көтерілді. Өйт­кені бұл неміс жеріндегі бірінші келеңсіз жағдай емес. Мәселен, 2016 жылдың 19 жел­тоқ­санында – Берлиндегі Брейт­шайдплатцтағы Рождестволық базарда лаңкес көпшілікті жүк көлігімен қағып кетті. Салда­рынан 12 адам қаза тауып, 70-тен астамы жарақат алды. Ша­буыл­шы Италияға қашып кеткен, кейін оны полиция атып өлтірді. Дәл осындай оқиға 2024 жылы да қайталанған.

GTI мәліметтеріне сүйенсек, терроризмнен ең көп зардап шеккен Буркина-Фасо, Пәкістан мен Сирия болды. Израиль де ең қауіпті он елдің қатарына кіреді. Еуразия аймағында Қырғызстан мен Түрікменстан да нөлдік балл жинады, бұл Орталық Азия­дағы терроризмнің төмен деңгейін көрсетеді.

«Әлемде терроризм маңыз­ды мәселе болып қала береді. Терроризм оқиғасы тіркелген елдер саны 2024 жылы 58-ден 66-ға дейін төмендеді. Десе де, өлім мен шабуылдардың азаюы байқалғанымен, терроризм бейбіт елдерге де таралып кетті. Терроризм – мемлекеттік, мемлекеттік емес субъектінің қорқыныш, мәжбүрлеу немесе қорқыту арқылы саяси, эко­номикалық, діни немесе әлеу­меттік мақсатқа жету үшін заң­сыз күш пен зорлық-зомбы­лықпен қорқытуы немесе нақты қолдануы. Мұнда терроризмнің физикалық әрекеті де, ұзақ­мерзімді психологиялық әсері де бар», делінген есепте.

Сондай-ақ Экономика және бейбітшілік институты Global Peace Index – 2025 (Жаһандық бейбітшілік индексі) есебінде еліміз 163 елдің ішінде 56-орынды иеленіп, рейтингтің жоғарғы жартысында өз позициясын нық ұстап келетінін айтады. Бұл рейтинг қоғамдық қауіпсіздік пен қорғалу деңгейі, ішкі және халықаралық қақты­ғыс­тардың болуы, милитари­зация дәре­же­сі секілді 3 топ бойынша 23 көрсеткішке негіз­деліп әзір­лен­ген. Біздің еліміз – қауіпсіздік деңгейі жоғары елдердің қата­рында. Орталық Азия елдерінің ішінде де Қазақстан – ең жоғары орында.

Әлемдегі ең қауіпсіз бес ел­дің қатарында Исландия, Ир­лан­дия, Жаңа Зеландия, Аус­трия, Швейцария бар. Төмен­гі бестік елдеріне Ресей, Ук­раина, Судан, Конго Демо­кра­тиялық Республикасы, Йемен кіреді.

Авторлар әлемнің қауіп­сіздік деңгейі төмендей бере­тінін, ал ірі қақтығыстарды туды­­ратын факторлар ең жоға­ры деңгейде екенін атап өтті. Осы көрсеткіштерге қара­ған­да, жаһандық жағдай алаңда­тарлық болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар