Қоғам • Кеше
Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?
Елордада өткен Жобалық кеңсенің кезекті отырысында жаңа Салық кодексінің нормаларын енгізу аясында денсаулық сақтау саласындағы өзекті түйткілдер талқыланды. Күн тәртібіне дәрі-дәрмек импортына кедергі келтіріп отырған құқықтық тосқауылдар мен өмірлік маңызы бар препараттарға қосылған құн салығын есептеу мәселелері шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Қарағандыда құтқарушылар терезе алдында отырған баланы аман алып қалды
Қарағандыда Мұқанов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында көршілердің бірі ашық терезеде отырған баланы байқап, дереу 112 нөміріне хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Мұхтар Шаханов өз атынан тараған жалған ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Facebook платформасында Мұхтар Шахановтың атынан ашылған фейк парақша арқылы жалған ақпарат тарап жатыр. Белгісіз тұлғалар ақынның беделін пайдаланып, «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген мазмұндағы мәтінді тарату арқылы қоғам арасында арандатушылық тудырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Нобель көрмесі: Демократияға төнген қатер Венесуэла мысалында көрсетіледі
Нобель бейбітшілік сыйлығы аясында ұйымдастырылатын биылғы көрме әлемде демократияға төнген қатерлерді талдауға арналып отыр. «Democracy on the Brink» атты экспозиция Венесуэладағы саяси үдерістерді мысалға ала отырып, демократияның жаһандық деңгейде әлсіреуін және авторитарлық үрдістердің күшеюін көрсетуді мақсат етеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • Кеше
«Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы шарықтады
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, қаңтар айында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының акциялары бірден 49,5%-ға өсті. Сонымен қатар бағалы қағаздармен жасалған сауда көлемі де екі есеге жуық артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.