Пайдалы қазбалар • 27 Ақпан, 2025
Қойнаудағы байлықты қоғам қадағалайды
Елімізде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (minerals.e-qazyna.kz) іске қосылды. Онда өтінім беруден аукционға дейін және лицензия беру үдерісі автоматтандырылған. Бұдан былай жеріміздегі қазынаны игерсем дейтін инвестор порталға тікелей кіріп, қалаған сайтты таңдап, аукционға қатысуға өтінім бере алады.
Қаржы • 27 Ақпан, 2025
Кәсіпкер қай қаржы ұйымын таңдайды?
2024 жылы заңды тұлғалардың банктердегі салымдарының портфелі 17,9 трлн теңгеге жетіп, 22,1%-ға артты. Бизнес салымдарының 89%-ы үздік 10 банкте жинақталған: 15,9 трлн теңге. Жылдық өсім — 22,8%. Демек кәсіпкерлер өз қаражатын сенімді, сыннан өткен қаржы институттарында сақтауды жөн көреді деген сөз.
Үкімет • 27 Ақпан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Өндіріс • 27 Ақпан, 2025
Өңірде өнеркәсіптік кластер құрылады
Металлургтер қаласы Теміртауда ірі компаниялар мен шағын және орта бизнесті біріктіретін еліміздегі ең алғашқы өнеркәсіптік кластер құрылады. Бұл туралы «Qarmet» креативті технологиялар орталығында өткен «Өнеркәсіптік кластерді және ел ішіндегі құндылықтарды дамыту» атты бизнес-форумда мәлім болды.
Саясат • 27 Ақпан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әділет органдарын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Онда Әділет министрі атқарылған іс туралы баяндады. Тағы бірқатар тиісті ведомство өкілдері мен салаға қатысты мамандар да сөз алды.