Сауда • 05 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 13,2 млрд долларға жетті
Қазақстан 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытаймен сауда көлемі жағынан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылықты сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 05 Мамыр, 2026
Өңірлер қауіпсіздігі Алматыда талқыланды
«Орталық Азия – Оңтүстік Кавказ – Таяу Шығыс үштағанындағы қауіпсіздік, геосаясат және түркі интеграциясы». Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция осындай тақырып аясында ұйымдастырылды. Екі күнге созылған жиынға Әзербайжан, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Грузия, Ресей және Ұлыбританиядан келген ғалымдар, сарапшылар мен талдау орталықтарының өкілдері қатысты.
Футбол • 05 Мамыр, 2026
Сенбі-жексенбі күндері өткен футболдан ел Премьер-лигасының 8-туры ойындары турнир кестесіне елеулі өзгерістер енгізді. Сегіз кездесуде барлығы 10 гол соғылып, көшбасшылар қатары айқындала түсті.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Алматы әуежайын су басты: Мекеме басшылығына қандай шара қолданылады?
Алматы халықаралық әуежайының шатырын су басуына байланысты мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиғаға қатысты Көлік министрлігі мен құқық қорғау органдарының қатысуымен шұғыл кеңес өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Мамыр, 2026
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
5 мамырда Астанада және еліміздің 17 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.