Теннис • Кеше
Еліміздің ерлер құрамасының капитаны болып Диас Досқараев тағайындалды. 6–7 ақпан аралығында Астанада Монакоға қарсы өтетін Дэвис кубогінің плей-офф сайысында дәл осы маман біздің жігіттерге жетекшілік етеді.
Саясат • Кеше
Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайтатын мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер өткізді. Алғашқы басқосу Премьер-министр Шахбаз Шарифпен шағын құрамда басталды.
Қоғам • Кеше
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жазушы Асқар Алтаймен «Қазақ прозасындағы мифология мен мистицизм» атты шығармашылық кездесу өтті. Автормен жүздесуге асыққан оқырман көкейде жүрген сұрақтарын қойып, туындыларын талдады.
Өнер • Кеше
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі қобызшы, Мәдениет саласының үздігі Мақсат Медеубектің «Qobyz soul – dastur» атты концерті өтті.
Жәдігер • Кеше
Табаны терімен қапталған жалпақ шаңғы сәл ертеректе әркімнің шатырында жататын. Әсіресе аңшылар қалың қарда табанға іле сала тауға аттанар еді. Осы жолы көненің көзіндей шаңғыны Аршатының орманшыларынан көрдік.