Фото: ІІМ
Сондай-ақ айналымнан төрт мыңнан астам оқ-дәрі алынған. 27-29 сәуір аралығында елде «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілген. Үш күн ішінде 67 атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленген. 27 сәуір күні Алматы қаласында полиция қызметкерлері Сайран көлінің жағасынан қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды анықтады.
ІІМ заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертіп отыр.