• RUB:
    6.37
  • USD:
    507.07
  • EUR:
    572.53
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 04 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017. Көрменің соңы қызықтарға толы болмақ

24 рет
көрсетілді

Үш ай бұрын басталған ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месінің аяқ­та­луына санаулы күн қалды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық ко­м­­­­па­ния­­сы әзірлеген аңдат­па не­гізі­нде маңызды басқо­су­дың соңғы күн­де­рінде көп­ші­лік­­ке қан­дай шаралар ұсы­ны­ла­ты­нын саралаған едік.

Бүгін, яғни 4 қыркүйек күні көрме қалашығындағы ұлттық сахна­да төрт бірдей концерт ұйым­дас­­тырылады. Сағат 10.00-де мұнай са­рапшы-елдері ұйымдарының (ОПЕК), 12.00-де Тувалу мем­ле­ке­ті­нің, 15.00-де Италияның, ал 18.00-де қазақстандық «Дара» то­бының мәдени бағдарламалары қойылады. Ал 21.30-да амфитеатр­да «Астана» ра­диосы әзірлеген концерт беріледі. 

5 қыркүйек күні сағат 10.00-де сфе­ра жанындағы сахнада әлемдік мұ­най кеңесі күніне арналған конце­рт өтеді. Дәл осы жерде сағат 15.00-де Өзбекстанның ұлттық күні мерек­е­ле­неді. Сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін ар­ген­тиналықтар өзд­ерінің билері жә­не музыкасымен көрменің МАФ-2 арт-нысанында көрермендерінің көзайымына айналады. 

6 қыркүйек күнгі оқиғалар сағат 11.00-де Біріккен Араб Әмірлік­те­рі­­нің ұлттық күні мерекесімен бас­та­лады. Кешкі сағат 21.30-да Қара­ған­ды облысының мәдени күндері аясында концерттік бағдарлама көрсетіледі. 

7 қыркүйек күні сағат 11.00-де Польшаның ұлттық күні­не орай осы елдің ұлттық ше­руі ұйымдастырылмақ. Ал са­ғат 17.00-ден бастап 18.00-ге дей­ін шы­­ғармашылық энергия аума­ғын­да Үндістан павильонының ұйым­дас­­тыруымен йога сабақтары өтеді. 

8 қыркүйек күні сағат 11.00-де Ре­сей Федерациясы ұлттық шеруін жұрт­шылық назарына ұсынады. Са­ғат 16.00-ден 19.00-ге дейін Су ау­­мағында плаз елдерінің (Жібек жо­лы, Африка, Тынық мұхиты, Ла­тын Америкасы, Мысыр) шы­ғар­­машылық ұжымдары өнер көрсетеді. 

9 қыркүйек күні ұлттық күн сах­насында соңғы концерттік бағ­дарламалардың бірін көр­менің халықаралық бюросы ұйым­дас­ты­рады. 10 қыркүйек күні Конгресс-ор­талықта көрменің ресми жабылу салтанаты өтіп, концерттік бөлімі амфитеатрда жалғасады. 

Асхат Райқұл,

"Егемен Қазақстан"