Қазақстан Президентінің Жарлығымен биылғы тамызда өкілеттігі тоқтатылған депутаттар Мұхтар Алтынбаев, Икрам Адырбеков, Нұртай Әбіқаев, Людмила Полторабатькоға Парламент Сенатының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табыс етілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев олардың заң шығару үдерістерін жетілдірудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, парламенттік қызметі үшін алғыс айтты.
«Сіздер ел игілігі үшін терең білімдеріңіз бен мол тәжірибелеріңізді аямай, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, өздеріңізге жүктелген міндеттерді адал орындап келесіздер. Мемлекет тәуелсіздігін нығайту мен халық игілігі жолында сіңірген еңбектеріңіз болашақ депутаттық корпусқа, ұрпаққа үлгі болады», – деді Сенат басшысы.