• RUB:
    6.37
  • USD:
    507.07
  • EUR:
    572.53
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Қыркүйек, 2017

Өңіраралық ынтымақтастыққа оң серпін

33 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орын­басары Асқар Мамин Қытайдың Наньнин қаласында өтіп­ жатқан ЭКСПО «Қытай-АСЕАН» көрмесі шеңберінде Қазақ­стан-Қытай өңіраралық ынтымақтастықтың I форумына қа­тысып, сөз сөйледі.  Форум жұмысына, сондай-ақ ҚХР Мем­лекеттік кеңесінің премьері Чжан Гаоли де қатысуда, деп хабар­лады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. 

 

Өңіраралық ынтымақтастық форумына Қазақстан мен Қы­тай басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин бас­­­­та­машылық жасаған болатын.

Форумға Қазақстан тарапы­нан өңірлер басшылары: Шы­ғыс Қазақстан облысының әкі­мі Даниал Ахметов, Қоста­най об­лысының әкімі Архимед Мұ­хамбетов, облыстар әкім­де­рінің орынбасарлары, ми­нис­тр­ліктер мен ұлттық компа­ния­лардың, бизнес-қауым­дас­тықтардың өкіл­де­рі қатысуда. Қытай тарапынан провинциялар басшылары, мемлекеттік органдар мен ірі ком­паниялардың жетекшілері қатысып жатыр.

– Біздің мемлекеттеріміз ба­с­шыларының бастама­шы­лығымен ұйымдастырылған форум ел­де­ріміз арасындағы дос­тық­ты, тату көршілестік пен стра­те­гия­­лық әріптестікті нығайтуға соны серпін беретін болады, – деді­­ А.Мамин және форумның екі­жақ­­ты­ үнқатысудың тартымды алаңы және Қазақстан мен Қы­тайдың өңіраралық ынты­мақ­тас­тығының көкейкесті мәсе­лелері бойынша тиімді консультациялар алмасуға мүмкіндік беретін бас­тама ретінде тиімділік әкелетінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Пре­мьер-Министрінің бірінші орын­­басары «Нұрлы жол» бағдар­ламасымен астарласқан «Бір белдеу – бір жол» жобасы­ның­ аясында форум өткізудің ма­ңыздылығына да баса назар аудар­ды.

– Мемлекет басшысы­ Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасы «Жібек жолының эконо­ми­калық белдеуі» жобасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасы шең­берінде инвестициялар тартуға және екі елдің инфрақұрылымдық жобалар бойынша іс-қимылдарын үйлестіруге мүмкіндік берді, – деп атап өте келіп, А.Мамин екі ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жоба­лардың табысты жүзеге асырылып келе жатқанын көлденең тартты.

А.Мамин форумның екі ел­дің экономикалық өсімінің, сау-да, инвестициялық, көліктік-тран­зиттік ынтымақтастықты да­мытудың іргетасы ретіндегі маңызына тоқталып, 2015 жылдың желтоқсан айында қол қойылған Шекаралық ынтымақтастық бағ­дарламасын Қазақстан мен Қы­тайдың шекаралық өңір­­ле­рінің арасындағы ынты­мақ­тастығының айтарлықтай маңызы бар құжаты­ның бірі ретінде атады.

– Қазақстанның барлық 16 өңі­рі іскерлік байланыстарға ие және Қытайдың түрлі провин­ция­ларындағы компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үстінде, – деп атап өтті А.Мамин.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары «Қытай-АСЕАН» ЭКСПО-сының 14-ші жұмысына қатысып, Қазақстанның ұлттық павильонын ашты. Қазақ­стан павильоны отандық өнді­рісшілердің түрлі өнім түрлері қойылған 20 стенд арқылы ұсынылып отыр.

– Қазақстанның «Қытай-АСЕАН» ЭКСПО-сының 14-ші жұ­мысына қатысуы «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуінің» әрі қарай түйісуіне, Қазақстанның, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауым­дас­ты­ғына мүше елдердің даму бағ­дар­ламаларына қосымша серпін беретін болады, – деп атап өтті А.Мамин.

ҚХР-ға сапары шеңберінде  Қазақстан Республикасы Пре­мьер-Министрінің бірінші орын­басары Қытайдың China National Chemical Engineering Co.Ltd, China General Technology Holding Ltd, CITIC Group, Xin Xin Corporation, China Railways Engineering Group Co, TBEA Heng Yang Transformer Co сияқты аса ірі компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.

*  *  *

Өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде Қазақстан­ның «Батыс Марка Ламб» ет өң­деу компаниясының төрағасы Ра­қымжан Есмағамбетов пен Қытайдың Zheng & Agrotechno­logy Co. Ltd компаниясының төр­­ағасы Ли Сианьмин 30 мың­­ бас қойды семіртіп союға­ және қой етін ҚХР-ға экспорт­тауға арналған заманауи бор­да­қылау алаңын құру туралы ме­морандумға қол қойды. Шетел инвестициясының көлемі 47 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба 2018 жылы жүзеге асырылмақ. Қуаты ауысымына 1,5 мың бас қой союға жететін «Батыс Марка Ламб» ет комбинаты қазірдің өзінде Иранға қой етін экспорттай бастады.

Сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Мақсат Қабашев пен «Silver Tiger Capital» компаниясының басшысы Цуй Лунфэй капиталдандырылуы 250 млн АҚШ доллары болатын бірлескен инвестициялық қор құру туралы келісімге қол қойды.

«Aitey Group» холдингі бас­қармасының төрағасы Сейітжан Есімов пен Stone Stock компаниясы басқармасының төрағасы Ху Цзинпэй Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды.