• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Руханият 28 Қыркүйек, 2017

«Мәзһабтар тарихы» көзқарасын өзгертті

60 рет
көрсетілді

Соңғы кезде Ақтөбе аймағында өз­ге теріс діни ағымның жетегінде ада­сып жүргендер саны азайып келеді. Біз төменде осындай жа­ғымды жайттың бірі жөнінде аз-­кем әңгіме қозғағанды жөн көр­дік. Бұл жөнінде газет тілшісіне Ақ­төбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті баспасөз қызметінің жетекшісі Индира Ізбасханқызы айтып берді. 

Оның айтуынша, ауыр қылмысы үшін Ембі қаласындағы түзету колониясында жазасын өтеуші радикалды көзқрасынан қайтып оң жолға бетбұра бастапты. Оның такфирлік ұстанымынан бас тартуына дінтанушы қаламгер-қажы Смайыл Сейітбековтың мәз­һабтар тарихы атты кітабы себебші болыпты.

Жазасын өтеуші діни ағартушылық сипатта жазылған осы сүбелі еңбекті абақтыда бірнеше рет қайталап оқып­ шығыпты. Содан кейін ол діни түсіні­гінің тарлығы мен осы бағыттағы ой-­өрі­сінің кемдігінен үкімдердің бір­қатарын жаңсақ, теріс түсінік кел­гендігін мойындауға мәжбүр болады. Әрі бұған дейін қателесіп келгенін түсінеді. 

Екіншіден сотталушы және онымен түсін­діру жұмыстарын жүргізіп жүрген теолог Ер­болат Жүсіпов екеуінің арасында өзара түсі­ністік орныға бастайды. Нақтырақ айтқанда, жа­за­сын өтеуші намаз оқымағанның бәрін кәпір деп айып­тап келген. Алайда «Мәзһабтар тарихы» атты құнды кітаптағы уахабилік ағымның қалай пайда болғаны жөнін­дегі тараумен танысқаннан кейін о бас­тағы бағытынан бас тартады. Әрі­ ол дін жолына бетбұрушы өзге жандар­дың өз қателегін қайталамауын өтінеді. Сонымен бірге соқыр сенімнің соңынан көзсіз еріп кетпей, кез келген жағдайда парасат пен пайымға арқа сүйеу керектігін айтыпты.

Адасқанның айыбы жоқ, қайтіп үйірін тапқан соң деген халықтық қағида да дәл осындай жағдайда айтылса керек.

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы